Шөптібай БАЙДІЛДИН Жер бедері тартқан сыр
(Жалғасы. Басы өткен сандарда).
Ерекше жердің бірі Өлкейік Қабырғаның Ақтөбе жақ бетін-дегі "хан" деген жер. Өзеннің иіріміндегі мүйісте қаптаған қорымдар жатыр. Әбілхайыр ханды Барақ сұлтан осы жерде өлтірген. Қарсы төбеде "жалау" деген жер бар.
Торғайдан шығысқа қарай 60 шақырым жерде "Көкалат" деген жер бар. "Көкалат" – Кенесары ханның хас батырларының бірі Қараманұлы Шәкір батырдың атының аты.
Осы ауылда "Шәкір там" деген үлкен қорым бар. Шәкір батыр осы жерге жерленген. Шәкір тамнан шырақ жанып тұратын. Шәкір Қараманұлы емес, Түмен-ұлы болуы керек.
Осы "Көкалаттың" іргесінен басталатын Айсаның "Албарбө-геті" 18 шақырымға созылып жа-тыр. Айса елде болыс болған адам. Халықты ұйымдастырып 1928-1932 жылдар аралығында осы алып бөгетті қабырға өзенінің жалпақ, әрі терең жерінен қол-мен салдырған. Елді шабындық, жайылымдық жермен қамтама-сыз еткен, егін салдырған адамды "Халық жауы" деп ұстап 1940 жылдары атқан. 1959 жылдары кінәсі жоқ деп ақталды.
Қабырға өзені мен Торғай өзені арасындағы Кенжетай саласынан ұзындығы 10 шақырым, тереңдігі үш метр, ені 4 метр арықты қол-мен қаздырып тегіс жерге су шы-ғарып тары еккізген адам Сары Қошқар батыр шөбересі Бижан би.
Осы арықтың қазылу кезе-ңінде елге Әліби Жангелдин кел-ген. Сол кісінің құрметіне "Әли арық" атанған. Бұл жер Құмкешу ауылы Құстөбе елді мекеніне қарайды. Күні бүгінге дейін арық ішімен көлік жүре береді.
Осы "Құстөбе" қате айтылып жүр. Құстөбе емес, Қыштөбе бо-лу керек. Ертеде қыш күйдірген. Әріде 3-4 шақырым жерде "Зер-тас" деген жер бар. Неше алуан заттар шығарған жер болуы керек.
Құмкешу ауылынан 3 шақы-рым жерде "Жанқара" деген жер бар. Ертеде бір жолаушы Торғай өзені жағасына келіп арғы бетте отырған қарттан судан өтер өт-кел сұрайды. Қария: "Қарағым, суға түспе. Үш күннен бері су Жаңқара! Жаңқара! деп шақы-рып жатыр." – дейді. Жолаушы суға қойып кетіп, атымен батып кетеді. Судан сүйегін зорға таба-ды. Сол жерге жерлеп, жер атын Жанқара атайды.
Арқалықтан 60 шақырым жерде Алуа атты ауыл бар. Алуа Әмір Әбдіғапар Жанбосынұлы-ның анасының аты. Ахмет Бай-тұрсыновтың ағасы Ақтастың қызы.
Құла бие аралы. Жыланшық өзенінің "Дулығалы", "Терісбұ-тақ" саласының қосылатын жерінде үлкен арал бар. Қалың ағаш өскен. Осы жер Құла бие атанады. Бие қалың қарда, аралда қыстап шыққан болу керек.
Жыланшық аймағында "Сары қыз" деген шабындық бар. Атақты Тілеп бақсы, Қойлыбай әулиенің сары қыз атты баласын алып қашып келе жатып осы жерге түнеген. Айдың толысқан кезінде шабындықтың ортасы-нан қыздың бейнесі көтеріледі деген аңыз бар. Жергілікті халық осы сөзден қорқып шабындыққа түнемейді.
"Бала Сазанбай" осы жерде атақты Тілеп бақсы мәңгілікке тұрақтаған. Осы жерде үш төм-пешік бар. Бірі Тілеп бақсы, бірі Сары қыз, бірі Тілеп бақсының түйесі деген ел аузында дерек бар.
Құтан әулие Аталықұлы ХVІІ-ғасырда өмір сүрген. Найман ағайын. Өсиеті бойынша өлген соң ақ түйеге сүйегін артып жі-берген. Түйенің келіп шөккен же-рі Қарынсалды өзенінің шығыс жақ бетіндегі қырат. Ұрпақтары кесене көтерді. Арқалық – Тор-ғай автотрассасынан 2 шақырым.
Қойлыбай әулие Дулығалы өзенінің бойындағы қара судың жиегіне жерленген. Дулығалы мешітінен шығысқа қарай 35 шақырым. Шағын қарасудың суы біреуге ащы, біреуге тұщы болып кездеседі. Ертеде қоныс-танған малшы да, мал да қырылып қалған. Қызжарған Үрпекпен Екідің арасындағы жер аты. Аңызда қалыңдық іздеп шыққан жігіттің бесіктегі балаға көзі түседі. Жанындағы жігіт көріп-кел екен. "Сен осы қызға үйлен-генсің" – дейді. "Мен осы қыз өскенше күтіп жүремін бе?" деп бесіктегі баланы жарып кетеді. Бірнеше жыл өткен соң сол қызға үйленеді. Сол жер Қызжарған атанған. "Қызыл қозы" жайлы Қаныш Сәтпаев бұл жер "қызыл құз" екен деп пікір айтқан.
Арқалық атауы батыр атымен аталуы мүмкін. Болмаса арқа, дөңес жер деген ұғымды білдірсе керек. Бақсы мола. Қайыңды мен Қызыл жұлдыз арасындағы ерекше қорым. Сағана там, немесе Мақат тамы Маятас пен Шеңбердің арасында. Ерекше саханалы екі адамды қатар ашық жерлеуге арналған. Астында терең құдығы бар. Келесі адам-ды қоярда сүйекті астындағы шұңқырға аударып жібереді.
Осы жерден 2 шақырымдай жерде Кейкі батыр паналаған үң-гір бар. Маятастан әрі "Сартөбе" деген жерде және "Байтілеу" көңінде шыңдағы таста жазу бар. Аң, құс, адам т.б. суреттер бей-неленген. Мен ол жерде болдым.
"Алтынжар" Жыланшық өзе-ні бойында Сейткерей қыстауы-нан өте 1920 жылдары ағылшын-дар өзен жағасын қаздырған. Осы жерде диаметрі 100 метрдей жерді алып жатқан ақ, сары, қоңыр, қызыл, жасыл түсті ермексаз сияқты балшық бар. Жерден деңгейі биік. Қысы-жазы құрғап, қатпайды.
"Жарғұй". Қабырға ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым. Қоңыр көмір шөгіндісі жер бетіне шығып жатыр. Жергілікті халық "Жарғұй", "Жаркүйе" деп те атайды. 80-ші жылдары көмірін алып халық пайдаланды.
"Қара тұз". Ақкөлден шығыс-қа қарай 25 шақырым. Көлемі ат шаптырым ойпаттағы алып тұз қоры. Қалыңдығы 20 метрден асады. Ертеде халық тамаққа осы тұзды пайдаланған.
(Жалғасы бар).