Торғайда Ахмет тойы басталды
Алаш жұрты асыға күткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған той басталды.
Мерекелік бағдарламаның шымылдығын республикалық ақындар айтысы ашып берді. Аламанға елге танымал Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Нұрмат Мансұров, Төлеген Жаманов, Нұрлан Есенқұл, Еркебұлан Қайназар, Салтанат Өтелбаева, Айбар Рағат, Батырлан Сағынтай секілді ақындар қатысып жатыр.
Айтыстың ақтық айналымы ертең өтеді. Айта кетейік, ақындар додасының тізгіні — Жүрсін Ерманда. Төрешілер — Әсия Беркенова, Аманжол Әлтай, Абылай Мауданов, Серік Қалиев, Серікбай Оспанов.
Мерекелік іс-шаралар легі ертең ат бәйгесі, қазақ күресімен жалғасады. Сондай-ақ түрлі ескерткіштен мен рухани нысандар ашылады. 5 қыркүйекте Ахаң тойына Президент Қ. Тоқаев келіп қатысады.