NIS: Мектеп – игілік ортасы

Балалар жылындағы заманауи білім берудің өзекті мәселелеріне арналған алғашқы дөңгелек үстелдің балалар игілігіне арналуының өзіндік мәні бар.
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған мерейтойлық жоба аясында өткен жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері әлемдік білім берудің басым бағыттары бойынша дөңгелек үстелдер сериясын ұйымдастырған болатын. Жаңа білім беру мазмұнындағы жаңа платформаның өзектілігі педагогтердің біліктілігін арттыруда оның логикалық жалғасын айқындады, дөңгелек үстелдердің статистикасы әр әңгімеге барлық өңірлерден мыңнан астам педагог пен білім беру ұйымдарының өкілдерінің қосылғанын көрсетті.
Балалар жылындағы бірінші жиынның тақырыбы «Оқушылардың әл-ауқаты: қолдау көрсететін мектеп қауымдастықтарын құру» деп аталды және бүгінгі күні көптеген елдерде жұмыс жүргізіліп жатқан жаһандық білім берудің стратегиялық басымдығымен сәйкес келді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Мектеп – игілік ортасы» баяндамасындағы негізгі постулат пен позитивті атаудың сәйкес келуі заңдылық. Балалардың әл-ауқаты – оқытудың негізі, қолдау көрсететін мектеп қауымдастығы қандай болуы керек және олар дәл қазір неліктен маңызды? Осы күрделі сұрақтарға жауаптар, сондай-ақ NIS алгоритмдері мен балаға қолайлы орта құрудың озық тәжірибелері дөңгелек үстел қатысушыларының кәсіби қоржынын толықтырды.
Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектеп директоры Виктор Сосин өз сөзін балалардың әл-ауқатына назар аударуды қамтитын халықаралық мектеп аккредитациясының жаңа стандарттарына және мектепте, отбасында және қоғамда балаға жайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстың нақты мысалдарына арнады.
Білім беру мен денсаулық ұғымын оқушылардың әл-ауқаты үшін қалай біріктіруге болады? Денсаулық пен әл-ауқаттың білім беру үдерісіндегі интеграциясы, оның ішінде дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психикалық денсаулыққа негізделген денсаулық сақтаудың жаңа парадигмаларын ЮНЕСКО-ның жаһандық денсаулық және білім беру консулдығының директоры Гуф Буйс талдады.
БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы халықаралық кеңесшісі, PhD докторы, «Тату отбасы» жобасы аясында ұзақ жылдар бойы NIS-пен ынтымақтастықта қызмет етіп жүрген Дебора Аллен (Deborah Allen)  позитивті ата-ана тәрбиесін баланың эмоционалды жағдайының негізгі факторы ретінде анықтады.
Білім және Ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын басқару тетіктері, сондай-ақ табысты мектеп қауымдастықтарын құру құралдары жұмыс істейтінін атап өтті. Қазақстандық балалардың әл-ауқаты индексіне 4 домен (бағыттарды), 56 индикатор ұсынылды, олар балалардың лайықты өмір сапасы, білім алу, денсаулық, инфрақұрылым, зорлық-зомбылықтан қорғау және әлеуметтену мүмкіндіктеріне қолжетімділігін қамтиды. Балалар жылы аясында атқарылып жатқан және жоспарланған шаралардың барлығы да маңызды индикаторларға бағытталған. Елімізде жалпы баланың әл-ауқатын қалыптастыру стратегиясын жүйелі әрі ауқымды жүзеге асыру Назарбаев Зияткерлік мектептерінен басталатынын Есенғазы Иманғалиев атап көрсетті.
Еуразиялық технологиялық университетінің Адам құқықтарын, инклюзия және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры, «Болашақ мектебі» мектептегі білім беруді реформалау қоғамдық жобасының модераторы Халида Әжіғұлова дөңгелек үстел қатысушыларының назарын қолдайтын және табысты мектеп қауымдастығын құру үшін қажет өзгерістерге, сондай-ақ еліміздегі балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шараларға аударды.
Әдіскер Бақытгүл Жанғазиева әріптестеріне Атырау облыстық білім басқармасы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын дамытудағы ынтымақтастық жобаларын таныстырды.
Еліміздің педагогтері үшін NIS құрған кәсіби алаңдағы әрбір кездесудің міндетті түрде жалғасы болады. Зияткерлік мектептерде заманауи білім берудегі ең өзекті және сұранысқа ие басымдықтардың бірі ретінде отандық мектептердегі балалардың әл-ауқатын енгізу бойынша жобалардың тұтас сериясы жоспарлануда.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓