Әлеуетті арттыруға бағыт көп

«Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар» – деді Мемлекет басшысы.
"Тариф инвестицияларға айырбас ретінде" жаңа тарифтік саясатын енгізу осы салаға жаңа қаржылық және технологиялық табыстар әкелуге мүмкіндік беретіндігін атап өту қажет. Салықтық әкімшілендіру саласында үлкен өзгерістер болады. Жаңа өзгерістер келесі 2023 жылы енгізіледі. Осылайша, аталған сала одан әрі цифрландырылады. Бұл бизнес пен азаматтарға салық ведомствосы қызметкерлерінің кез келген араласуын болдырмай, осы сервистермен онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жаңа Жолдау ел экономикасының дамуына жаңа серпін беруі тиіс.
Серікжан ИСМАИЛОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі.