Қалыпты өміріміздің кепілі
Коронавирус эпидемиясын көбіне ХХ ғасырдың басындағы «Испан» тұмауымен салыстырады. Бұл індет әлем үшін ауыр сынақ болды. Адамдар өлімінің жас ерекшелігі де мүлдем әртүрлі еді: балалар, жасөспірімдер мен қарттар қайтыс болды. Ал коронавирус ауруы басқаша жүреді. Балаларда жеңіл, кейде байқалмайды, бірақ адам неғұрлым егде болса, ауруға жиі шалдығады, көбінесе асқынып кетеді, тіпті өліммен аяқталады.
Бір таңқаларлығы, бүгінде «сары» немесе «қызыл» аймақтардағы ауырғандар санының статистикалық жағдайы көпшілікке үрей болып жатқан жоқ, ал адамдар белгісіз вирусқа шалдығып қалудың қаншалықты зардапты екенін түсініп болмай жатыр. Олар вакцина салуды зиян деген жалпылама күмәнді ақпаратқа жүгінеді.
Әлем тарихында оба, шешек және т.б. індеттерінің бүкіл елді мекендер мен қалалардағы адамдардың өмірін қиған мысалдар жеткілікті. Тек вакциналау арқылы біз көптеген ауруларды жеңуге мүмкіндік ала аламыз.
Бүгін біз жаңа індеттің куәсі болып отырмыз және біздің алдымызда үлкен міндет тұр – балаларымыздың болашағы үшін COVID-ті жеңу. Жалғыз жол – жаппай вакцина алу. Басқа шығар жол жоқ!
Мен барлық азаматтарды вакцинаның тиімділігін растайтын ғылыми зерттеулерге артықшылық беруге шақырамын.
Жалпыға бірдей вакциналау – қалыпты өмірімізге оралудың әрі адамдардың денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы екенін түсінгеніміз абзал.
Гүлфия Дәндібаева,
Қостанай қаласы
№ 2 мектеп-лицейі КММ директоры.