Ең төменгі жалақы мөлшері өседі
Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты.
«Бұл ретте 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Бұл ретте 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.