Облыс әкімінің құттықтауы
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Бұл 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда қабылданған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылығы, ал мемлекеттің басты міндеті – осы құндылықтарды қорғау деп жарияланған елдің басты заңы.
Конституцияның кіріспесінде өткеннің құндылықтарын сақтаудың, бүгінінің тұрақтылығын және жарқын болашақтың мызғымаз заңдары жазылған.
Қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жоғары қарқынын көрсете отырып және өз азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, өзі туралы халықаралық аренада да сенімді түрде мәлімдеді.
Қостанайлықтардың еңбегінің арқасында биыл біз өңдеу өнеркәсібінің өсімін 12,3%-ға қамтамасыз ете алдық, құрылыста бұл көрсеткіш 12,1%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 13,2%-ға өсті. Біз ел экономикасына 213,7 млрд.теңге тарта алдық, бұл 6,7%-ға өсуді көрсетті.
Жоғарыда аталған жетістіктермен қатар біз қайырымдылық және риясыз көмек дәстүрлерін сақтағанымызды атап өткім келеді. Сондықтан, кіші отан тағдыры үшін жауапкершілік қағидаты мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда заңды көрініс табады.
Мереке қарсаңында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын туған жерді дамытуға қосқан үлесі және қайырымдылық істерге белсене қатысқаны үшін марапаттадым.
Мереке қарсаңында Тобыл-Торғай төрінде халықаралық «Түркі әлемі» өнер фестивалі өтіп жатыр. Дәстүрге айналған дүбірлі думанға түбі бір қырғыз, өзбек, башқұрт халықтарының дарынды өнерпаздары қатысты. Ата Заң күніне арналған осындай өнер мерекесіне атсалысып, қуанышты бөлісе келген түркі тілдес ағайындарға ерекше алғысымды білдіремін!
Конституцияда белгіленген нормалар мен қағидаларды берік сақтай отырып, біз ұйымшылдықты, қоғамдық келісімді нығайтуға және туған өлкеміздің игілігі үшін біздің жасампаз қызметімізде жаңа табыстарға қол жеткізуге бұдан әрі де қомақты үлес қосатын боламыз деп сенемін.