2-жұп – Мамай мен Бағила (ЖАҢАРТЫЛДЫ)

Қадірменді оқырман! "Қостанай таңы" сайтындағы "Ел мерейі – Астана" атты облыстық жазба айтыстың екінші жұбы  – тарандық ақын Мамай Ізтілеуов пен арқалықтық айтыскер Бағила Балмашева арасындағы сөз сайысы өз мәресіне жетті. Ендеше, қос ақынның айтысын тағы бір мәрте бастан-аяқ қарап шығып, қай үздігіне қолдау көрсетіңіз. мамайбагила
 
Мамай:

"Армысың,  асыл жұртым  егеменді, 
Елеңдетпей  қоймайды өнер елді. 
"Қостанай таңы" газетіне  мың  рахмет, 
Қолға алып жандандырған төл өнерді. 
"Астанаға жиырма жыл" деп алыпты, 
Қалаға  арнасын деп сөз-өлеңді. 
Есілден сұлу  шаһар  бой көтерді, 
Елбасы саясаты көреген-ді. 
Астанадай  жайқалған  Бағила мен ,
Жырға бөлеп көремін өрелі елді. 
Бағиламен айтысқан талайлардың 
Сөз шықпай тіл мен жағы шегеленді. 
Солардың  бірі болып қалмас  па екем? – 
Пешенеме жазғанды  көрем енді.

Қолдау жасап  көрейік бастамаға,
Шын  ақын  айтар  сөзден жасқана ма? 
Сарыарқаның төрінен орын алған 
Жырларымды арнаймын бас қалаға. 
Көрікі сұлу қыздай көрінгенмен,
Мінезін ұқсатамын жас балаға. 
Қанша теңеу айтсам да сөз жетпейді 
Əлемде орны бөлек Астанаға.

Орыны Бағиланың бөлек екен, 
Біздерді табыстырған  өлең екен.
Құдашасы бар ауылға құда бала 
Жасырын түнемелік  келеді  екен. 
Құдашасын қыдыртып айлы  түнде, 
Əн салып, өлең оқып береді екен. 
Махаббатқа мас болған құдашасы
Тамағынан иіскетуге көнеді екен.
Екеуіне куəгер болайық деп, 
Жұлдыздар  ұялғаннан сөнеді  екен.
Сен де маған құдаша емессің  бе,
"Ия"  десең,  мен саған төне кетем. 
Қырықтан асып кеткен құдаша қыз, 
Білмеймін, ыңғайыма көне ме екен?

Ал енді жыр түймесін ағытайық, 
Ешкімнің  кетпес  одан бағы  тайып. 
Қайдағыны қапыда тауып айтып, 
Халыққа нағыз айтыс танытайық. 
Құда бала құдаша қыз болғандықтан, 
Бір-бірімізді қалжыңмен қағытайық.
Интернетпен  жазбаша айтыс жасап, 
Суырыпсалма айтысын дамытайық".

Бағила:

"Сәлемді қабыл қылдым, ақын Мамай, 
Сөз сөйлер ақын емен мақұлдамай. 
Сыйға сый ғып сүбелі ой арнасын, 
Таңдайым бостан-босқа тақылдамай. 
Тіл мен жаққа тек Алла қуат берсін! 
Алдын ала жамандық шақырмағай. 
Өрелі ақынсың ғой, Мамай ақын, 
Салыңды ерте суға батырмағай. 
"Құдаша" деп қутыңдап, ескертемін, 
Басымды және менің қатырмағай. 

Мамайым, бос сөйлесең аһ ұрарсың, 
Көмекке жан жарыңды шақырарсың. 
Елуді еңсеретін құдашаңмен 
Қалжыңдарда, қарағым, бақыларсың. 
"Астанадай жайқалған Бағила" деп, 
Бағамды, ақын Мамай, асырасың. 
Қазаққа Астанадай бақ сыйлармын, 
Тәңірім тілегімді мақұл алсын! 
Ақын ба жырдан шашу шашпағасын, 
Шымылдығын жүректің ашпағасын. 
Несіне бұл Бағила ақын боп жүр, 
Жырға қоса алмаса Астанасын?!
Астанам, ару қалам, ардақтымсың, 
Егеменді ел үшін бас қаласың. 
Халқыма рух берген нұр Астанам, 
Думандап, дүрілдесін аспан астын. 
Сан ұлтқа сая болған гүл Астанам, 
Шырқалар ұрпағыңа асқақ әнсің. 
Ырыс пен ынтымақтың ұясысың, 
Қуантар қариясын, жас баласын. 
Ай қабақ, жайма шуақ ақ жүзіңді 
Ешбір дұшпан қастықпен ластамасын. 
Сарыарқаның төсіне сән кіргізген 
Асқақтай бер, Алаштың Астанасы! 

Өтейдің өткір сөйлер ұлы едіңіңіз, 
Бармайтын жамандыққа жүрегіңіз. 
Мен ақын боп таныла бастағанда, 
Шыбықты ат қып мініп жүр едіңіз. 
Жаңагүлдей жарыңмен жанұя боп, 
Бүгінде ұяңыздан түледіңіз. 
Ақын болдың еліме бағасы артқан, 
Айтыс десе кіретін іреңіңіз. 
Илегенім – пұшпағы бір терінің, 
Сондықтан жоқ қой жаман тілегіміз. 
Құдаша деп құр босқа қутыңдамай, 
Жаныма жақұт жырдан гүл егіңіз. 

Алатын әлі еліңнен бағаң бардай, 
Ақынбыз келешекке алаңдардай. 
Орнын білер Ожанның бір қызы едім, 
Жөнім жоқ сөге сөйлеп, жамандардай, 
Келешек үшін біздер тілекшіміз, 
Осыны сөз қылуға шамаң бардай. 
Тақырып тастайыншы ортамызға, 
Айта отыр, Мамай бала, қоғам қандай?"

 

Мамай:

"Қабыл алдым, – дейсің бе, – ақын Мамай"? 
Бағила, қыз едің  ғой  ақылға бай. 
Өзімді  ақынмын деп санамаймын, 
Ел жұртым өнерімді мақұлдамай, 
Шабытым да біртүрлі келмейді екен, 
Көрерменнен  шапалақ  шатырламай. 
Екеуміз де  сыйласып айтысармыз, 
Ұрысқақ  əйелдердей  шапылдамай, 

Бұл Мамай əзіл сөзге абай-тұғын,
Бағиланы досына  балайтұғын. 
Ақындардың үлкені біз болған соң, 
Көңілім сені үнемі қалайтұғын. 
Құдашам екендігің жалған емес, 
Айып па барша жұртқа соны айтуым. 
Қазағымның қалжыңы бар емес пе,
Бес жасқа "беу, құрдас" деп қарайтұғын. 


Есті адам ұрпағына алаңдады, 
Шабан ат аламанда шабандады. 
Көзі ашық, көкірегі ояу Бағила ақын 
Өз ойымды сұрады қоғамдағы. 
Сұрағанын айтайын қарсыластың,
Демеңдер "Мамай бəрін жамандады". 
Ақын жігіт осылай айтып ед деп, 
Дұрысталып кетсе ғой содан бəрі. 

Қоғамнан не көрмеді қасқа басым, 
Аға тілді білмесең, аш қаласың 
Қадыр айтқан "ана тілің арың" болмай, 
Елінде ала алмай жүр нақ бағасын. 
Латынға көшем деген үкіметтің 
Өзгелер қолдамайды бастамасын. 
Жер сатуға қол қойып, қолдау берген 
Депутаттың көрдік қой масқарасын.
Қазақ тілін білмейтін қазақ көрсең, 
Аһ ұрып, өз-өзіңнен боқтанасың. 
Экономика алға жылжып келеді деп,
Қысылып жұрт алдында ақталасың.
Əйтеуір айтатының сол болған соң 
Алға кеткен көшіміз тоқтамасын. 


Биігіне шықпай тұр тіл беделі, 
Одан гөрі аға тіл ілгері еді. 
Əсіресе солтүстік аймақтарда 
Шоғырланған мəселе күрделі еді. 
Ей, ана тіл, əзірше тəубе дей тұр, 
Саған да асқақтайтын күн келеді. 
Осымен тоқтатайын қоғам жайлы, 
Əйтпесе бүлдірермін бірдеңені. 


Сөз айтпан төбемізден жай ұрғандай, 
Мастанып сөйлемеспіз тойынғандай. 
Сүбелі сөз айтуға тырысайық, 
Ел отыр ақ-қарасын айырғандай. 
Бағилаға төтеден сұрақ қойсам, 
Бірден жырлап кетеді шайырлардай. 
Медицина жайында айтып көрші, 
Қыз едің өзің нардай, сөзің балдай.

Бағила:
Тіл мен жер – бәріміздің тілегіміз, 
Ауырар оны ойласақ жүрегіміз. 
Тілдің айтып жағдайын Мамай ақын, 
Орнықты ой білдіріп, жүдедіңіз. 
Ол рас, тәуелсіз ел болсақ-дағы, 
Тіл дамып кірмей-ақ тұр іреңіміз. 
Артығы жоқ келешек жастар үшін –
Айтудан шаршамайық үнемі біз. 

Бағила қалай ойын білдірмейді? 
Көңілім тілді ойласам кірбіңдейді. 
Намысы жоқ найсаптар алға түсіп, 
Әйтеуір орысшалап міңгірлейді. 
Бастықсымақ кейбіреу тілі түгел, 
Салты мен дәстүрінен дым білмейді. 
Кемсітіп ана тілде сөйлегенді ,
Орысша ақыл айтып шүлдірлейді. 

Мамайым, орынды ғой сұрағыңыз 
Айтар ой, ағынды жыр бұлағымыз. 
Медицина жөнінде ақпаратты 
Естиді көк жәшіктен құлағымыз. 
Кемшілік болады ғой хан қызында, 
Жарамас бірақ жалпы сынауымыз. 
Жақсының жақсылығын айта алмасақ, 
Мына біз Алла алдында күнәліміз. 
Осы жолдан таймаса Медицина, 
Аспанға атылады тымағымыз. 

Айтайын бұл ойымды жалғастырып, 
Әшекейлеп, сөзімді алмас қылып. 
Дәрігерлер алдыға ұмтылуда, 
Шет елмен шекараны жалғастырып. 
Бүйрек-сирақ айырбастау ештеңе емес, 
Қолдан келмес іс деп бұл салмас бүлік. 
Сәті түссе, Алладан әуелгісі, 
Жүректі де береді алмастырып. 

Әлі де гүлденеді ертең елім, 
Келмейді жетістігін келте дегім. 
Келешек – жастардікі, соны білем, 
Білем және қазақтың тер төгерін, 
Жақсылығын айтамын ырым қылып, 
Болсын деп осыдан да көркем елім. 
Кешіріммен қараймын кемшілікке, 
Жақсысын жырларыммен көмкеремін. 

Мамайым Бағилаға "нардай" деген, 
Айтатын және сөзін балдай деген. 
Ақырын қағытатын құдашалап, 
Тіл менен сөзге шебер таңдай деген. 
Тік мінезім негізі болғанымен, 
Несіне Мамайымды жаудай көрем? 
Балық ұстап үйренген Ожан қызбын, 
Қағытпаңды қырыннан аулай берем. 
Шабысыңнан танбағын, құда бала, 
Кезек беріп сонан соң жалғай берем. 

Сөзіне тоқтар жанмын саналының, 
Өзгенің аттамайтын ала жібін. 
Айтысып, Мамай ақын, жол қылдық –ау, 
Тобыл мен Арқалықтың аралығын. 
Ол анық, үлкеніміз ақындардың 
Өнерден тауып жүрген жан азығын. 
Мәдени қызметкерсің Тараныңда, 
Айта отыр мәдениеттің жаңалығын.

Мамай:
"Жалықтым жалғандардың өсегінен, 
Əрине, ілгеріледік кешегіден. 
Медицина жайындағы сөзің рас, 
Біздің  ел алға қарай өсе білген. 
Бірақ та кемшіліктер тұрған шақта, 
Жөн емес кейбіреудей бөсе білген. 
Бағила, сын жағын да айтар  деп ем,
Ақынсың ақиқатпен көтерілген. 
Қырықты белден басқан құдаша қыз ,
Əйтсе де  таймай отыр  есебінен. 
 
Ақындар сөз-майданда  бақ сынаймыз, 
Мəдениетке келгенде тапшыдаймыз. 
Əлемді мойындатқан Димашты да 
"Əн айтпады, шыңғырды" деп көп сынаймыз. 
Төреғали секілді көтерілсек, 
Шап бергенге тап берген сақшыдаймыз. 
Сөзінің қуаты жоқ өлең айтып, 
Сахнада зікір салған бақсыдаймыз. 
Айлық аз, ақылымыз көп болған соң 
Үш тілде концерт қойып шапқылаймыз.
 
Мəдениетті  айтайын бай көңілмен,
Ақтангер мақтанамын Айбегіммен. 
Алматыдан жыл аяғы жеңіп келді, 
Атағы өнеріне сай көрінген. 
Қостанайда Жүрсіннің айтысы жоқ,
Тым болмаса қарар едік əйнегінен. 
Жүрсіннің ақындарынан, айтыңдаршы, 
Обылыс ақындарының қай жері кем?
 
Көк жəшікті тыңдасаң құлақ түріп, 
Бар саланы мақтайды қуатты ғып. 
Айлықтары жетпейді шайлығына, 
Бағада болмаған соң тұрақтылық. 
Кей кезде ашық айтқан дұрыс болар, 
Жатқанмен бəрін бізге ұнаттырып? 
Өтірік күлгеніміз кімге керек 
Дел-сал боп ішімізден жылап тұрып? 
 
Момын ел енді қашан дамылдайды, 
Басымыз ел деп неге ауырмайды? 
Қазақ деп ет жүрегі елжіремес 
Бастық қылып  талтаңдаттық "қарынбайды". 
Артық кетсем, ұлыңды кешіріңдер, 
Ел-жұртым мұны қалай қабылдайды? 
Бағымызға жаралған Бағила ақын, 
Сен енді айтып көрші ауыл жайлы".
 
Бағила:
"Мамай-ау, қандай есеп ойлағаның? 
Сөзіңді мен осындай ойға аламын. 
Сын айтпасам айтпадым, оным анық, 
Құр босқа кінәлауды қой, қарағым. 
Не көрмеді бұл қазақ өткен күнде, 
Осыған жөн ғой терең бойлағаның . 
Бүгінді айтар кезде, негізінен, 
Халқымның өткен шағын ойға аламын. 
Жарқыраған жетістік бары да анық, 
Өтінішім – осының жойма бәрін. 
Жақсының жақсылығын көре алмасам, 
Менің де жөнсіз болар байбаламым. 
 
Еске алсам оны, көңлім шерленеді, 
Санам мынау сілкініп, сенделеді. 
Дәрі-дәрмек дегенің – вагон-вагон, 
Шет елден сапар шегіп келген еді. 
Құрт аурудың әр түрі қазағымның, 
Ойпырай, тұла бойын меңдеп еді. 
Аурухана барғанға бос орын жоқ, 
Осының бәрін халқым көрген еді. 
Елбасым елдің жайын ойлағаннан, 
Миллиардтап көмек елге берген еді. 
Екі мыңыншы жылы бір науқасты 
Он жеті мың долларға емдеп еді. 
 
Сөзіме бұл Мамайдың елеңі бар, 
Таусылмас Бағилаңның өлеңі бар. 
Дәрі-дәрмек бүгінде өзімізден 
Шет елмен бәсекелік теңеуі бар. 
Елбасының "отандық формацевтті 
Қолдаңыздар" және де дегені бар. 
Елімде толып жатыр дәрігер де, 
Білімді ел ішінде беделі бар. 
Жатып алып жамандай берсек егер, 
"Алжасқан, ә, – демей ме, – неге бұлар?" 
 
Айт дедің енді маған ауыл жайын, 
Оны айтсам, менің көңлім дауылдайын. 
Ауылдарды ойласам, көздің жасы 
Болады нөсерлеген жауындайын. 
Жұмыссыздық жайлаған ауылдарды 
Көргенде қалай дертіп ауырмайын? 
Бір балаға мектепте бес мұғалім, 
Шеше алмай-ақ келеді соның жайын. 
Қанағатшыл халқына қайран қалам, 
Алдыңа ұсынатын бәрін жайып. 
Ақ көңіл ауылымның тұрғындары, 
Қарсы алар құшақ жайып бауырдайын. 
Кредитке әйтеуір той жасайды, 
Той төріне шығарып ауылнайын. 
Бұл көңіл көп нәрсеге алаңдайды. 
Айта түс деп шабытым арандайды. 
Қыс болса, жолдың бәрін қар құрсаулап, 
Жеңіл-желпі көлігің бара алмайды. 
Немесе боран болса, барған көлік, 
Ай жатып, апта жатпай оралмайды. 
Осындай ауылдар көп Торғай жақта, 
Мәселесі көңілге қона алмайды. 
Жоғарғы жақ арнайы араласпай, 
Байқаймын, осы жағдай оңалмайды. 
 
Айтысып ой өткелін араладық, 
Жақсысын жарқыратып дараладық. 
Біраз жағдай сөз болды бұл айтыста, 
Ал енді, ақын Мамай, шамалалық. 
Жазба айтыс дегенмен қызық екен, 
Ойға шомып отырар қалам алып. 
Жартылай финалға өтсек жарар еді, 
Біздей екі кәртәміш дараланып. 
Кеудесінде сәулесі бар жандарға 
Ұнаса, жарқырармыз бағаланып. 
Әйтеуір екуміздің айтысымыз 
Оқырманға ұнары маған анық. 
 
Ақынсың айқара ашқан жүрегіңді, 
Жырменен жүректерге гүл егілді. 
Алла алдынан халқымды жарылқасын! 
Алшақ қыл деп тілеймін түнегіңді. 
Қамшының сабындай-ақ дүниеде 
Бағалайық сыйласып бұл өмірді. 
Осымен айтысымыз тамам болғай 
Айтып кет халқымызға тілегіңді".
 
Мамай:

"Сүйелдей көзге көрсет жатқа айқынын, 
Тек ақиқат өмірде баптайтыным. 
Құр босқа кінəлама деп айтасың, 
Елге еңбек етердей  жатпай тыным. 
Алапат сұм соғысты көрген қазақ, 
Жақсылықты жаманға сатпайтұғын. 
Жарқыраған жетістік бар деп тұрсың, 
Белгілі бесенеден мақтайтының 
Бағила, қартайғанның белгісі ме?
Қоғамның кемшілігін  ақтайтұғын. 

Бағиланы айтамын өрелі деп, 
Нөсердей жыр толқынын төгеді кеп. 
Ағайын мені ойлап қалмаса екен 
Мамай ақын тек жамандық көреді деп. 

Демеймін желден жүйрік ақтабанмын, 
Алайда ел үмітін  ақтағанмын. 
Жүз отыз ұлт сыйғызған шаңырағына 
Қазақ болып туғаныма  мақтанамын. 

Қазақ болып  тумағанда не етер ем, 
Онда босқа  бұл өмірден өтер ем. 
Домбыра алып сал серідей айтыспай, 
Ұрпағыма сөз қалдырмай кетер ем. 

Кейде, рас, біреулерді  тілдедім,
Шықпасам да биігіне мінбенің. 
Көрегенді Елбасының арқасы, 
Бейбіт күнде аман-есен жүргенім. 

Күн сəулесі нұрын шашып көгімнен, 
Ел болдық қой биіктерден көрінген. 
Қазақстан əр тұрғыны бай болып 
Бақ  пен ырыс кетпесе екен елімнен 

Бағилаға зейінімді  бұрамын, 
Сен едің ғой  шыңға біткен шынарым. 
Қартайғанша жүрейікші айтысып, 
Өнердегі  қол ұстасқан сыңарым. 

Оқырмандар тұрған кезде сөз ұғар, 
Айтысымыз тарих болып  жазылар. 
Бағила  айтқан  қос кəртəміш тағдырын 
Шешеді ғой  ойы ұшқыр қазылар

 

Бағила:

Тізбектеген Мамай сөздің маржанын, 
Тілегіңнің мен жалғайын әр жағын. 
Аман болсын, жүз жасасын ата-анаң, 
Аман болсын Жаңагүлің – жан-жарың! 

Аман болсын ақындарым, ардағым, 
Аман болсын Қазақ жұрты, жан-жағым. 
Нұр Астанам ғасыр тойын тойласын 
Қазақ халқы, көш соңында қалмағын! 

Аман болғай, ақын досым Мамайым, 
Келін әкеп қуантсыншы Абайың. 
Айтысымыз тамам болсын осымен, 
Сусындасын және оқыған ағайын.

You may also like...

193 Responses

  1. Мира айтты:

    Керемет айтыс. Балмаш Бағила өтсін келесі кезеңге 

  2. Жұлдыз айтты:

    бес Бағила апай,қаламыңыз мұқалмай, шабытыңыз шалқи түссін!!!

  3. Байбатыр айтты:

    Бұл екі ақының сөз сайысы жаман емес. Екеуі тең. Басымдылық байқалмайды. Айтыс дəрежесі төмендеу болды….

  4. Қолқоюсыз айтты:

    Багила апай жарайсыз

  5. Талгат айтты:

    Багила Балмашевага дауыс беремин.

  6. Берик айтты:

    Керемет! Багила апай алга!

  7. Балжан айтты:

    Армысыздар жамағат, өте тартысты айтыс болды, соның ішінде маған Бағила ақынның сөз саптауы ерекше ұнады…сұраққа жауапты өте адемі етіп жеткізе білді…Өте бір дарынды қазақтың ақын қызы екеніне көзім жетті….Сізге шын журектен табыс тілеймін.

  8. Балжан айтты:

    Армысыздар жамағат, өте тартысты айтыс болды, соның ішінде маған Бағила ақынның сөз саптауы ерекше ұнады…сұраққа жауапты өте адемі етіп жеткізе білді…Өте бір дарынды қазақтың ақын қызы екеніне көзім жетті….Сізге шын жүректен табыс тілеймін.

  9. Қолқоюсыз айтты:

    Еңбегің жана берсін Бағила!Жарайсың!

  10. Қолқоюсыз айтты:

    Айтыс жақсы екі ақынды да қолдаймын!

  11. жанабатыр айтты:

    бағила балмашеваға дауыс беремін

  12. жанабатыр айтты:

    Бағила Балмшеваға дауыс беремин 

  13. Байбатыр айтты:

    Мамайда олқы ақын емес. Азулы ақындардың бірі емес бірегейі. Мен Мамайға дауыс беремін. Алға.

  14. Қолқоюсыз айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс беремін.Өнеріңіз өрлей берсін!

  15. Айбек айтты:

    Жаксы айтыс, Мамай акын келесі кезеңге отсін

  16. Қолқоюсыз айтты:

    өтірік күлгеніміз кімге,

    дел-сал боп ішімізден жылап тұрып деп айтқандай Мамай ақын.Ашщы да болса шыңдық.Екі ақында өз шабысын адуынды ақын екендерін байқатты.Алайда мен өз дауысымды Мамайға беремін.

  17. Балтасар айтты:

    өтірік күлгеніміз кімге керек,

    дел-сал боп ішімізден жылап тұрып, деп Мамай ақын айтқандай.

    Қос ақынның тартысты айтысы өз дәрежесінде өрбіген.Алайда мен дауысымды Мамай ақынға беремін.Сөз басымдығы болғандықтан.

     

     

  18. Жанар айтты:

    Мен Мамай ақынды қолдаймын

  19. Қолқоюсыз айтты:

    Бағила апай оте керемет!!!менім дауысым сізге! 

  20. Арман айтты:

    Бұл айтыста Мамай ақын басым. Сөз саптауы Бағилаға қарағанда өте жоғары. Меніңше Бағилаға айтысты қою керек. Мамай келесі кезеңге өтсе екен.

  21. Сейдəлі айтты:

    Айтыс жақсы өтіпті, дауысымды Бағила Балмашеваға беремін.

  22. Айнагул айтты:

    Бағила Балмашева тамаша айтысады.Келесі кезеңге отсііншіі????

  23. Айнагул айтты:

    Бағила Балмашыва жақсы айтысады.Келесі кезеңше өтсіншіі????

  24. Жаксылык айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс беремін 

  25. Айнагул айтты:

    Бағила Балмашева Алғаа!

  26. Қолқоюсыз айтты:

    Бағила Балмашева апайға дауыс беремін, осы айтыста өзінің ұйқасты әрі мағыналы сөздерімен жұбынан әлдеқайда биік тұр.

  27. Жалғас айтты:

    Келесі кезенге Мамай ақын өтсін

  28. Aizhan айтты:

    Екі ақын да келесі кезеңге өтуге лайық деп ойлаймын.

  29. Ерхан айтты:

    Бағила апай оте керемет айтыстыныз!меним дауысым сізге!!!!

  30. Ермахан айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс беремын. Өнеріңіз өрлей берсін 

  31. Ермахан айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс берем

  32. Самат айтты:

    Мен Мамай агайга дауыс беремин.тамаша айтыс

  33. Канат айтты:

    Багила Балмашовага дауыс беремын

     

  34. Тасбике айтты:

    Армысыздар онер суйер кауым, тамаша айтыс болды. Суырылып салма акындарына жазбаша айтыста он жамбасына келды Деп ойлаймын. Мамай ага акын шындыгымен сал басым болды. Из пикирим дауысымды Мамай акынга беремин. 

  35. Қолқоюсыз айтты:

    Бағила Балмашева алға !керемет айтыс 

  36. Ans айтты:

    Бағила Балмашева алға.Керемет айтыс 

  37. Қолқоюсыз айтты:

    Мамай акын тамаша онериниз Алга баса берсин керемет. Мамайга дауыс берём.

  38. Татьяна айтты:

    Мамай Алга Мамайга дауыс берем.

  39. Жасулан айтты:

    Багила Балмашаевага Даусымды берем

  40. Бердибек айтты:

    Багила апай жараисыз,  келеси кезенге отуге сиз лайыксыз))

  41. Медет айтты:

    Ассалаумағалейкум, Мамай ақынды қолдаймын!

  42. Үкітай Қуанышова айтты:

    Егеменді Елордамның

    20 жылдық мерекесі,

    Қарсаңында Бағиламен

    Айтыс өнеріне қош келдің !

     

    Қадірменді ақын – Мамай !

    Жырыңмен тамсандырдың,

    Сүйікті халқыңды ақыным-ай !

    Əр сөзің  сүбелі  .

     

    Сұлу Көкше сымбатындай!

    Есіл жағасынан бой көтерген,

    Шаһарымның келбеті келісті .

    Халқым да еңбегі еленіп,

     

    Əп – сəтте 20 жылдың

    Зулап өткеніне куə болдық.

    Қаншама əсем де, көрікті,

    Əлемге əйгілі ғимараттар да

    Көбеюде Астанамда!

     

    Қаншама жалынды жастарым, 

    Ерен еңбек етіп , биікке асқақтаты ,

    Мəртебесін егеменді ,

    Астана – бас қаламның !

     

    Нұрсұлтан Əбіш ұлындай –

    Елбасымыз 50 елдің қатарына

    Енгізіп Елордамды .

    Əлем биігіне жеткізе білді!

     

    Енді міне өзіңіздей , 

    Ақын топты жарып шығып,

    Асқақтата жырлап Астанамды. 

    Жарық еткен шоқжұлдыздай

     

    Даралап жырға қосып,

    Басқалардан дараланған.

    Дарынды айтыс майталманы

    Бір өзіңіз – ақын  Мамай !

     

    Топты жарған ақыным

    Қалады заман жолыңа гүл біткенін ,

    Нұрланған Астамдай,

    Жырың нұлана берсін !

     

    Айтыс өнерінде замандас,

    Өнерің өзге жүзсін !

    Əлемнің жеңімпаз –

    Айтыс ақыны боларыңа сенемін!

     

    Астаналық замандасың :

    Қуанышова Үкітай Жұмабайқызы

     

     

     

  43. молдир айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс беремін 

  44. Ақжол айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс беремін!

  45. Есет батыр айтты:

    Мамайга дауыс берем

  46. Есет батыр айтты:

    Алаштын 100 жылдыгындагы айтыста карсыласын Лениннин ескерткиши негып тур дегенде  Беймбетпен Абайга карауыл гып адейы койдык дегенде орыстанып кеткен жерде Таранын гумырын кыскартып Беймбетты елине жакындата тустин. Бугинде Медецинамен Димашты жаксы айтын. Мамайга берем дауысымды.

  47. Сары орыс айтты:

    Мамайга дауыс бермендер казактар ол тынысымызды тарылтып казак онерин насихаттап журген адам. Мамай десе Сары орыс ойбай дейды. Ей бирак Мамайдын мысы басып барады Беймбеттин рухынан корканымнан Мамайга дауыс берем оз басым.

  48. Əскербек айтты:

    Мамай алға Мамайға дауыс беремін.

  49. Maira айтты:

     Бағила апай жарайсыз келесі кезеңнен оқитын болайық !!!

  50. Қолқоюсыз айтты:

    Багила апай ?

  51. Қолқоюсыз айтты:

    БҰЛ АЙТЫСТА МАМАЙ АҚЫН БАСЫМ СӨЗДЕРІ ЖҮЙЕЛІ ЖАРАЙСЫҢ АЛҒА МАМАЙ.

  52. Қолқоюсыз айтты:

    Мамай жарайсың мамайға дауыс беремін.

     

  53. Айназар айтты:

    Мамай акынга дауыс берем. 

    Казак болып тумаганда нетер ем, 

    Деген шумакты окымай кулакпен естигенде кандай сезимде боларымыз екенбиз рухтанып аркаланып отырарымыз анык.  Мамай акынга дауыс берём. 

  54. Кайрат айтты:

       Мен Мамай акынга дауыс берём керемет при карай отсин

     

  55. Серік айтты:

    Екеуі де азулы мықты ақындар, сөздері сүйектен өтеді екен жарайсыңдар 

  56. Айжан айтты:

    Мамай акын тамаша. Айбекпен Жанагульден гана женилетин Мамай акынга берем дауысымды. 

  57. Қарлығаш айтты:

    Дауысымды Мамай ға беремін

  58. Кайрат айтты:

    Екі ақын да жақсы айтады. Бірақ Мамай ақын нақ айтады. Мен дауысымды Мамай ақынға  беремін.

  59. Аделия айтты:

    Мамай ақынға дауыс беремін.

     

  60. Нуржан айтты:

    Мамам ага алга!

  61. Назым айтты:

    Мамай акыннын соз саптауы кетемет дауысымды Мамай акынга дауыс берем

  62. Замзагул айтты:

    Мен Мамай ақынға дауыс беремін.

     

  63. Бейбіткүл айтты:

    Мамай ақын жақсы айтыскер. Дауысымды соған беремін.

     

  64. Кенжебек айтты:

    Мамай ақын алға! Дауысымды саған беремін

  65. Карлыгаш айтты:

    Мамайга дауыс беремін

  66. Карлыгаш айтты:

    Мамайга дауыс берем

  67. Карлыгаш айтты:

    Мамайга дауыс берем 

  68. Карлыгаш айтты:

    Мамайга дауыс берем.?

  69. Карлыгаш айтты:

    Мамайга  дауыс беремін.

  70. Карлыгаш айтты:

    Мамайдын айткандары керемет дауысымды беремін 

  71. Нұргүл айтты:

    Мамай Ізтілеуге дауыс беремін!

  72. Нұргүл айтты:

    Мамай ақынға дауыс беремін!

  73. Айгул айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс берем.

  74. Нұрланған Астанадан

    Жалынды сəлем !

    Қостанай ақыны –

    Бағилаға жан құрбыма !

     

    Жан жүрегім – Астананы,

    Асқақтата жырлай білген.

    Жыр жолдары –

    Жүрегіңді баурап алар,

     

    Ақ маржан жырымен,

    Жырға толы жүрегінен ,

    Елінің елеулі еңбегін

    Халқының жетістігін,

     

    Жарық еткен жұлдыздай,

    Топты жарған – Бағила.

    Талантты, топжарған ,

    Жырымен таң қалдырған.

     

    20 жылдық Елордамның,

    Мерейлі мерекесінде ,

    Мамай ақынмен жұпқа  түсіп

    Қостанай елін елең еткізген. 

     

    Шуақты күндей мейірім,

    Шуағын жырымен шаша білген!

    Тіл жанашыры да,

    Майталман , қайсар қызың –

     

    Бағила алдыңызда халқым менің!

    Бағасын айтыстың байыппен,

    Береді – деп сенемін мен.

    Халық риза айтысыңа Бағила .

     

    Қуанышың алда құрбым !

    Тарихта ерекше орны бар,

    Бас қала да , жас қалам да  –

    Астанам бəйтеректей биіксің сен

     

    Өлеңінде өрге өрлеген жыры

    Əлемге əйгілі өзіңдей ,

    Ақын қызды биіктен

    Көрерімізге нық сенімдемін !

     

    Сырымен бөліскен :

    Астаналық құрбың 

    Қуанышова Үкітай Жұмабайқызы

    8 702 435 91 89

     

  75. Нұрлан айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс берем.

  76. Əдемі айтты:

    "Сөз қадірің білмеген, өз қадірің білмейді" дегендей қос ақыннын да создери жаксы, əйтседе Бағила ақын басымдау болды.

  77. Самал айтты:

    Мамай акын ғажап акын

    дауысымды МАМАЙ Акынга берем

  78. Батырхан айтты:

    Мамай ақын ауылдас ағам, Бағила ақын әрiптесiм, апамдай екеуiн де қолдаймын. Айтысуда бipiнен бiрi қара үздipiп кеттi деу қиын, тең дәрежеде өнер көрсетуде. Алла ауыздарына сүбелi cөздер, орамды ойлар мен тағылымды түйiндер салғай. Сәттiлiк сiздерге.

  79. Guljan айтты:

    Багила жарайсың

  80. Guljan айтты:

    Багила Балмашева га дауыс беремин

  81. Guljan айтты:

    Багила Балмашева га дауыс беремин

  82. Ғалия айтты:

    Мамай ағайға дауыс беремін

  83. Рахат айтты:

    Осы жазба айтыста Мамай ақынның басымдылығы анық байқалды. Дауысымды Мамай ақынға береммін.

  84. Ғалия айтты:

    Мамай ағайға дауыс берем!

  85. Мамай Ізтілеуге дауысымызды береміз!

  86. Жамал айтты:

    Багиланын айтысы керемет болды. Жарайсын ! Мен Багиланы колдаймын.

  87. Жамал айтты:

    Багиланын айтысы унады.Багилага дауыс беремин

  88. Қолқоюсыз айтты:

    Бағила Балмашевага дауыс беремин

  89. Нуржан айтты:

    Бағила Балмашевага дауыс беремин

  90. Askar айтты:

    Бағила Балмашеваға дауыс беремін

  91. Серік айтты:

    Екеуі де азулы мықты ақын, сөздері сүйектен өтеді.

  92. Алтынай айтты:

    Мамай Ізтілеуге дауыс

  93. Биологтар айтты:

    Тарандық Мамай Ізтілеу ұлына дауыс.

  94. Мамай Ізтілеу ұлына дауыс беремін!

  95. Əріптестер айтты:

    Жан-жағына шуағын шашып жырдан алға тағатын əріптес Мамай ақынға сəттілік тілеп, дауыс береміз!

  96. Жан досы айтты:

    Жан досым Мамайға сəттілік тілеп, дауыс беремін!

  97. Мамай ақын өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленетін ұстамды тұлға! Дауыс беремін!

  98. ТАҢСҰЛУ айтты:

    Мамай ағайға дауыс беремін!

  99. Жұмабай айтты:

    Мамай ақынға сəттілік, дауыс беремін!

  100. Бекен айтты:

    Мамай Ізтілеуге дауыс беремін!

  101. Бибигул айтты:

    Құрбым менің Бағила.Өнеріңді бағалаймын қашанда.Асулардан асып белестердің шыңына жете бер!Халықтың көңілінен жол тауып ,ықыласына бөлен.Біз сені əр уақытта қолдаймыз.

  102. Нуржау айтты:

    Мамай акынга дауыс беремин Жарайсын!

  103. Нуржау айтты:

    Мамай акынга дауысымды беремин Жарайсын!!!

  104. Жанагуль Назарбаева айтты:

    Мамай сəттілік! Даусымды саған беремін!

  105. Қоңқас айтты:

    Мамай ақынға дауыс беремін

  106. Тансулу айтты:

    Мамай ағайға дауыс берем.

  107. Тансулу айтты:

    Мамай ағай сəттілік, дауыс беремін.

  108. Ақмарал айтты:

    Мен Мамаи ақынды сурып салма ақын екенін моиындаимын жане ол кісі қарсыласынан  артық аитыс көрсете білді мен дауысмды Мамаи ақынға беруді жөн көрдім

  109. ҒалияБану айтты:

    Мамай Ізтілеуұлына  сəттілік! Дауыс беремін.

  110. Сағит айтты:

    Дауысымды Бағила апайға беремін.

    Өте керемет айтыс.

  111. Бақдәулет Қайсарбекұлы айтты:

    Мен өз дауысымды Бағила Балмашеваға беремін! Сөз саптау деңгейі жоғары болды.

  112. Зауре айтты:

    Мамай ақынға дауыс беремін

  113. Ақтоты айтты:

    Мамайға сəттілік 

  114. Бағила татеге берем дауыс . айтты:

    Бағила татеге берем дауыс .

     

  115. Турар айтты:

    Мен өз дауысымды Балмашева Бағилаға беремін.Сəттілік тілеймін!

  116. Бекзат айтты:

    Мамай Турусбекович дауыс берем

  117. Самал айтты:

    Мамай ақынға сəттілік 

  118. Медет С айтты:

    Мамайға дауыс беремін

  119. НұрКонкас айтты:

    Мамай ақын Алла қолдап жеңістің туын желбірете бер!

  120. НұрКонкас айтты:

    Мамай Тұрысбекұлы сәттілік, дауыс беремін!

  121. Аружан айтты:

    Мамай акын керемет айты Мамай агага берем дауысымды

  122. НұрКонкас айтты:

    Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

    Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

    Отанның, ел жұртыңның мақтаны бол!

    Алды бол қатарыңның бұл өмірде.

    МАМАЙ АҚЫНҒА дауыс беремін!

  123. Дəурен айтты:

    Финалға екі ақын да лайық екен.жақсы айтыс  алға ақындар!

  124. Бақдəулетт айтты:

    Медицинаны айтқан Бағила ақын.Айтысты дұрыс оқыңыздар.Əсіресе Торғайдың жолын жақсы айтқан .Дауысым Бағила апайға

  125. Айбек айтты:

     Екі ақын тең екен.

    Жарайсыздар!  Торғайда осындай ақындар бар екені бізге мақтаныш .Алға

  126. Көркем айтты:

    Екі ақын да күшті?

  127. Дария айтты:

    Бағила апай мықты екен.

    Сол кісіні қолдаймын.

    Ақындар мідениетті айтыс жасаған.тамаша!

  128. Ерке айтты:

    Бағила ақынға дауысым

    Жақсы айтыс ұнады маған.

  129. Жанибек айтты:

    Айтыс десе ишкен асын жерге койатын казак баласна жаксы сый болды. Багила апай ел ишинде журген акын, ал Мамай акынга келер болсак сырта журип тол онеримизды орыстанып кеткен ортада дамуына улес косып журген акын, казак елинин халык акыны Асия Беркеновадан талим алып, сол кисинин жолын жалгап калын орман арасында жусанын исин шыгарып журген акын. Дауысымды Мамай акынга берем.

  130. Географтар айтты:

    Мамай Тұрысбекұлына сәттілік тілей отырып, дауыс береміз!

  131. Нургуль К.С. айтты:

    Мамай Турысбекович сәттілік! Дауыс бердім.

  132. Алтынай айтты:

    Бағила деген кісі күшті-күшті айтқан менің дасым Бағилаға

  133. Бота айтты:

    Бағмла апай, сіз мықтысыз алға

  134. Бейнегүл айтты:

    Мамай ағайға дауыс беремін!

  135. Айназар айтты:

    Мен дауысымды Мамайга берем

  136. Бейнегүл айтты:

    Мамай ағай СӘТТІЛІК!

  137. Бауыржан айтты:

    МАМАЙ АҒАЙҒА ДАУЫС БЕРЕМІН!

  138. АЛИХАН айтты:

    Мамай ағаға дауыс берем

  139. Nurgul айтты:

    Мамай ақын ақ жол! Дауыс бердім.

  140. НұрКонкас айтты:

    Мамай ақын сəттілік!

  141. Жанагуль Назарбаева айтты:

     Мамай сəттілік! Дауыс беремін!

  142. Сауле айтты:

    Мамай ақынның айтысы ұнайды. Шындықты айтып əрі салмақты ой тастайды.Мамай алға. Сəттілік тілеймін

  143. Ардақ айтты:

    Осы екі ақын танымал ақындар

    Тағыда айтыссын керек болса 

    Тең базар жоқ

  144. Таңшолпан айтты:

    Мен дауысымды Мамай Ізтелеуге беремін

  145. Мереке айтты:

    Екі ақынды ренжітпеңдер

    Жақсы айтыс

  146. Кайрат айтты:

    Алибек

    Мамай аға

    жаксы айтады сизге дауыс берем

  147. Әлишер айтты:

    Мамай алға саған дауыс берем

  148. Ардақ айтты:

    Бағила мықты ойлар айтқан.Бағиланы қолдаймын.

  149. Асыл айтты:

    Бағила ақынды қолдаймын  алға апай,сізге сенеміз!!!

  150. Абат айтты:

    Бағила ақын да,Мамай да жақсы жауаптасқан.Екі ақынды да қолдаймын.

  151. Данияр айтты:

    Айтыс ұнады."Қостанай таңы"қызметкерлеріне,Айтысқа мұрындық болғандарға алғысым шексіз.Бағиланың сөз саптауы ерекше екені байқалады.Мамай да жақсы ақын.Ақындар шабыты таси берсін!

  152. Береке айтты:

    Айтыспақ түгел бір ауыз өлең шығара алмаймыз.Ақындық-Алла берген қасиет.Бағила бағың жансын!!!

  153. Жансерік айтты:

    Мамай аға биіктерден көріне бериниз

     

  154. Арман айтты:

    Екі акында орташа деңгейде айтысып отыр Мамай акын сәл басымдау

  155. Талгат айтты:

    Екеуі де жаксы айтыс жасап отыр Мамай алға саған дауыс берем

  156. Назымбек айтты:

    Жаксы айтып отырсыздар айтыс өркендей берсін мамайға дауыс берем

  157. Асыл айтты:

    Айтыс жақсы екен. Бағила ақынның өлеңінің құрылысы жақсы екен.сол кісіні қолдаймын.қ

  158. Айдын айтты:

    Айтыс жақсы екен. Бағила ақынның өлеңінің құрылысы жақсы екен.сол кісіні қолдаймын

  159. Шынболат айтты:

    Ақындарға ақ жол! Бағила ақынға дауыс беремін

  160. Асқар айтты:

    Бағила мықты ақын қолдаймын

  161. Кобыланды айтты:

    Мамай женды Мамайга дауыс берем

  162. Бақытжан айтты:

    Айтыс жақсы екен. Менің дауысым Бағила ақынға өте жақсы айтысқан

  163. Жұмаш əже айтты:

    Қарақтарым,екі ақын да жақсы айтысыпты.Бала-шағаларының қызығын көрсін!

  164. Майра айтты:

    Мамай ақын алға !!! Дауысымды Тұрысбекұлына беремін!!! Жарайсың! 

  165. Мамай айтты:

    Екі ақында жақсы! Мен дауысымды Мамайга берем.

  166. Самал айтты:

    Бағила апай басым түсіпті дауысымды сол кісіге беремін.

  167. Қолқоюсыз айтты:

    Мамай акынга даусымды беремин.Оте жаксы когамдагы маселелерди ашып айтып откан агамыз.

  168. Мамай айтты:

    Мен Мамайга дауыс беремін.

  169. бал айтты:

    Багилаға дауыс беремин

  170. Нуртан айтты:

    Айтыс төл өнер ғой екеуі де жаксы Мамайға дауыс берем

  171. Айдар айтты:

    Мамай айтыстың шыңына шығу саған сәттілікк

  172. Дархан айтты:

    мамайға сәттілік

  173. Бауыржан айтты:

    Екі акында буыннан айтысып келе жатырган карсыластар Бұл жолы Мамайға берем 

  174. Мадина айтты:

    Мамай ағам жаксы айтады сизге дауыс берем

  175. Қолқоюсыз айтты:

    Даусымды Мамай акынга беремин

  176. Айгерим айтты:

    Мамай акынга дауыс берем

  177. Айгерим айтты:

    Мен Мамай ағаға дауыс беремін.

  178. Латира айтты:

    Мамай ақынға дауыс беремін. 

  179. Ботакоз Бек айтты:

    Багила апай, адеттегидей оте жогары денгейдесиз!!! Келеси кезенге отуге Ен лайыкты жан!!! 

  180. Еркін айтты:

    Бағила ақынның өлеңінің құрылысы мықты. Бағилаға дауыс беремін.

  181. Айман айтты:

    Айтыста Бағила апай жеңгені байқалады. Ауыл жайлы,ауылдың адамдарының жағдайы төмен болса да,кредит алып той жасайтыны,Торғайдың шалғайдағы ауылдарының қыс болса жол болмай қиындық көретіні орынды айтылыпты.Бағила апай,шабытыңыз шалқи берсін!!!

  182. Сəбит айтты:

    Бағила ақын жақсы ойлар айтқан дауысым сол кісіге

  183. Бақыт айтты:

    Екі ақынды да өткізгендеріңізге көп рахмет! Келесі айтыстарын оқуға асығамыз.

  184. Ерік айтты:

    Осы екі ақын2009жылы Қызбелде күшті айтысқан.Халық ырза болған қуаныштымын,екеуінде екінші кезеңге өткізгендеріңізге.

  185. Оразбек айтты:

    мамай ақынға дауыс берем

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓