Киікті ақысына атуға рұқсат берілуі мүмкін
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтың айтуынша, бұл үшін алдағы уақытта спорттық-әуесқойлық аң аулау шарасы ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Экспресс К.Серікқали Брекешев елдегі киік санының шамадан тыс көбейіп кетуіне байланысты әзірге нақты шешім қабылданбағанын жеткізді.
"Біз қазір қоғамдық пікірлерді сараптап жатырмыз. Көпшілік киіктерді жоймай, мәжбүрлеп көшіру керек деген ұсыныс айтты. Бірақ ғылыми қауымдастық бұл әдістен киіктердің қырылып қалу қаупі басым деген қорытынды шығарды. Сондықтан бұл мәселе нақты қабылданбады," — дейді министр.
Сондай-ақ киіктерді азайту үшін қасқырлар санын көбейту туралы да ұсыныс болған. Брекешевтің айтуынша, бұл да мәселені бірден шешпейді.
"Қасқырлар негізінен ауру, әлсіз жануарларға шабады. Сондықтан оларды "орман санитары" дейді. Яғни сау киіктердің саны бұдан азаймайды. Қайта киіктер одан сайын көбейіп кетуі мүмкін,— дейді Серікқали Брекешев.
Сонымен қоса 2023 жылы спорттық-әуесқойлық аң аулау шарасын ұйымдастыру жоспары бар екенін айтады.
Бұл аңшылық ақылы түрде ұйымдастырылады. Ақбөкендердің Қызыл кітапқа енгізілмегенін бұған дейін де айтқанбыз. Қазір бізде 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аң аулауға тыйым салынған. Ал бұл мәселе туралы біз алдағы қазан айында нақты шешім шығарамыз,