Алаяқтардан сақтандырады

Полиция департаментінің қызметкерлері «Стоп-алаяқ» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Интернет алаяқтығының арту проблемасына халықтың назарын аудару үшін полицейлер қала көшелеріне банк өкілдерімен, қостанайлық блогермен және еріктілермен шықты.
Жедел алдын алу іс-шараларына қатысушылар қостанайлықтарға ең көп таралған, сондай-ақ айлакерлер қолданатын алаяқтықтың жаңа схемалары туралы айтып, ерекше тәсілмен жиі кездесетін жағдайлар туралы ескертті.
– Күн сайын алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болуда. Банктің жалған қызметкерлері маған бірнеше рет қоңырау шалып, алдауға тырысты. Алайда ойлары іске аспады. Біздің полицейлермен бірге бұрыннан бірлесе жұмыс істеп келе жатқандықтан, мен қастық ойлаушылардың қулықтары туралы жақсы білемін. Мұндай формат халық пен тәртіп сақшыларының арасын жақындастырады. Мен үшін, блогер ретінде, өз оқырмандарыма қарапайым тілмен ескертіп, пайдалы ақпаратты жеткізу маңызды, – дейді блогер, режиссер, актер, танымал жүргізуші Азамат Ибраев.
Айта кету керек, қала орталығында сол күні халық көп болды. Бұл күні мұнда Қостанайдың 143 жылдығын мерекелеуге арналған бұқаралық және ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. Акция тек жаяу жүргіншілердің ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың да назарын аударды.
– Полиция халыққа жақындай түсті. Мен халықтың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қалай қарайтынын көремін. Біздің бірлескен жұмысымыз алаяқтық фактілерінің алдын алуға бағытталған. Егер сізге банктен қоңырау шалып, несие рәсімделгенін айтса, не істеуге болады? Егер банктік шотты бұзу әрекеті туралы білсеңіз, қайда жүгінуге болады? Осы және басқа да мәселелер қала тұрғындарын қызықтырды, – деп атап өтті «Halyk Bank» АҚ бас маманы Серік Жайсанбай.
Іс-шараға «ДОС» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері де белсенді қатысты, олар полицейлерге тұрақты негізде көмекке келеді. Бүгін олар "Абайлаңыз алаяқтар"буклеттері мен ақпараттық жадынамаларын таратуға ат салысты.
– Бүгінгі іс-шара халықты интернет-алаяқтардың айла-амалдары туралы ескертуге мүмкіндік береді. Қостанайлықтар бізбен әңгіме барысында полиция жұмысына оң бағаларын беріп жатыр. Көбінесе алаяқтардың құрбаны болған аға буын адамдар алғыс айтып, өз пікірлерін білдірді", – дейді ерікті Ярослав Степонец.
«Стоп-алаяқ» жедел алдын алу іс-шарасы облыс аумағында өткізілуде. Қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметкерлері халық көп жиналатын орындардың тұрғындарын да хабардар етіп жатыр.
– Азаматтар қырағы болып, білген ақпаратымен өз туыстары және жақындарымен бөлісетіндерін айтуда. Өзіңізді зиянкестердің әрекеттерінен қорғауға болады. Естеріңізге сала кетейік, карта нөмірін, парольдерді, қолжетімділік кодтарын және басқа да дербес деректерді үшінші тұлғаларға атауға болмайды, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД жедел уәкілі Нина Ахмадеева.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі-халықпен ашық диалог жүргізу. Бұл жұмыс форматы тиімді және болашақта да қолданылатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓