АЙТЫС! АЙТЫС! АЙТЫС!
Қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі, ақын, жазушы, публицист Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына және облыстық "Қостанай таңы" газетінің 100 жылдығына арналған жазба айтыс өтеді. "Қазақ үшін жүрек майын шам қылған" атты облыстық ашық байқауға Тобыл-Торғай өңірінің ақындарын қатысуға шақырамыз. Жобаға айтыскерлер ғана емес, поэзия өкілдері де қатысуға ниет білдірсе, нұр үстіне нұр. Ендеше, жазба айтыстың ереже-тәртібімен толығырақ танысыңыздар!
Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай өткізілетін "Қазақ үшін жүрек майын шам қылған" атты республикалық ашық жазба айтыстың
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар:
Қарабалық ауданының әкімдігі және «Қостанай таңы» газеті редакциясы
Айтыстың мақсаты:
– "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасы аясында қазақтың көрнекті қайраткері Мұхамеджан Сералиннің шығармашылық мұрасын насихаттау;
– М.Сералин негізін салған "Ауыл" (қазіргі "Қостанай таңы") газетінің ғасырлық мерейтойын жырға қосу;
– ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайтуға үндеу;
– Осы жылы атап өтілетін өзге де маңызды рухани іс-шараларды ақындар жыры арқылы әспеттеу.
Өтетін мерзімі:
2022 жылғы тамыз-қараша айлары аралығы.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
– айтысқа облыстың барлық өңірінен ақындар қатыса алады;
– ақындардың жасына шектеу қойылмайды;
– қатысушылардың сөз саптасы, тапқырлығы, өлеңнің көркемдік деңгейі есепке алынады;
– айтыскердің берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі, қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі бағаланады.
Айтыстың өткізілу тәртібі:
1. Айтыс үш кезеңнен тұрады:
– бірінші кезең – іріктеу кезеңі;
– екінші кезең – жартылай финал;
– ақтық сын (финал);
2.Ақындар жеребе бойынша анықталған қарсыласымен сөз жарысына түседі;
3. Ақындар екеуара интернет арқылы айтысып, бір-біріне тәулік ішінде жауап береді. Әр жұптың айтысы үш тәуліктен аспауы шарт, біреуі белгіленген мерзім ішінде жауапсыз қалған жағдайда жеңілген болып есептеледі. Егер екі ақын бірдей жауапсыздық танытса, айтыстан шеттетіледі;
4. Әр жұптың айтысы 4 кезектен аспауы керек. Сапасыз немесе әдепке қайшы жазылған сөздер қысқартылады;
5. Айтыс kostanaytany.kz сайтында және әр жұптың айтысы аяқталған соң газет бетінде ықшамдалып жарияланады;
6. Айтыс жеңімпаздары арнайы құрылған қазылар алқасы шешімімен анықталады. Жүлде қоры:
1-орын – 200 000 теңге
2-орын – 150 000 теңге
3-орын екеу – 75 000 теңгеден.
7. Сыйлық қорын Қарабалық ауданы әкімдігі тағайындады;
8. Ұйымдастыру жұмыстарын «Қостанай таңы» газеті редакциясы қамтамасыз етеді.
Айтыстың қазылар алқасы
– қазылар алқасының құрамында жергілікті ақын-жазушылар, сөз өнерінің құнын білетін кәсіби мамандар болады;
– қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды;
-қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды;
– ақындар жұбының сөз сайысы талапқа сай болмаған жағдайда қазылар алқасы ортақ шешіммен айтыс мәтінін газет бетіне жарияламауға құқылы;
– әр жұптың айтысы әр айналымның соңында талданып жарияланады.
Өтініштерді тапсыру шарттары
Қатысушы мына құжаттардың электронды нұсқасын тапсыруы тиіс:
– Айтысқа қатысу туралы өтінім (берілген үлгі бойынша)
– жеке куәлік көшірмесі;
– 1 сурет (13х18 см);
Өтініштер 2020 жылғы 15-25 тамыз аралығында мына мекенжайда: Қостанай қаласы, әл-Фараби көшесі, 90 немесе kt-fan@mail.ru, 8-707 160 83 90 нөмірі арқылы Whats App желісімен қабылданады.
ӨТІНІМ
Қатысушы ақынның Т.А.Ә.________________
Ұялы телефон нөмірі ____________________
Мекенжайы ___________________________
Жетістіктері__________________________
Өтініш толтырылған күн________________