Қала тазалығы қадағалауда
Қостанай қаласын қардан тазалауға және көктайғақтың алдын алуға алты мердігерлік ұйым жұмылдырылады. Солардың бірі – "Таза жол" ЖШС. Бұл компания қаланың орталығына жауап береді."Әрине, қаланың қақ ортасында әлеуметтік маңыздағы нысандар өте көп. Сондықтан бұл маңға бөлінетін назар да, бізге артылатын жауапкершілік те ерекше. Мұның сыртында, алаңдар, скверлер және саябақтар да біздің қарамағымызда. Оларды біз жабық аймақ деп атаймыз.Бұларды қардан тазалау көшеден гөрі қиынырақ", – дейді серіктестік директоры Тойжан Әйтенов.
Қар қалың түскенде немесе жол көктайғақ бола қалса, "Таза жол" 80 адамға дейін жұмылдырып, 12 арнайы техника шығарады. Бұлар жол айырықтарын, ойлы-қырлы жерлерін, сондай-ақ автобус аялдамаларын айрықша назарға алады екен. Дей тұрғанмен, ЖШС басшысы тұрғындарға үй маңын қардан тазаламайтынын, өз аймақтарына әркім өздері жауапты екенін айтады.
ТКШ бөлімінің жетекшісінің орынбасары Василий Помаздың айтуынша, мердігерлермен арада тығыз байланыс орнаған.
" WhatsApp желісінде ортақ тобымыз бар. Онда үнемі қар аршу кезіндегі суреттар салынып отырады. Сондай-ақ, техбақылау қызметкерлерімен ұдайы рейд жүргіземіз. iKOMEK қызметі де бізді тұрғындар шағымы туралы ақпараттандырып тұрады", – дейді ол.Орынбасардың мәліметіне сенсек, көктайғақпен күресу үшін жеткілікті мөлдерде құм дайындалып қойылған.