Мәдинаның отбасына көмек көрсетіледі

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданының әкіміне күні кеше денесі табылған кішкентай Мәдинаның отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов аудан әкіміне жерлеу рәсіміне көмектесіп, қыздың отбасына материалдық көмек көрсетуді жүктеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін қайғылы жайт. Біз бәріміз баланы аман-есен таба аламыз деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, ойлағанымыз болмады", – делінген жазбада.
Өңір басшысы іздеу жұмыстарына белсене атсалысқан еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен облыс тұрғындарына алғысын білдірді.
Ерболат Әлім

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓