Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: “Еліміздің медицинасы ешбір елден кем емес”

Қостанай облысына іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда облыс әкімі А.Мұхамбетов өңірдің денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан игі істерді тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінде өңірде 517 денсаулық сақтау ұйымында екі мыңға жуық дәрігер мен алты мыңға жақын орта буын медицина қызметкерлері еңбек етуде. Жалпы, облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 2016 жылы 40 млрд. астам теңгені құраған. Бұл саладағы игі жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады._MG_0509Басқосуда сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматуллин де бүгінгі таңда еліміздің денсаулық саласында тындырылып жатқан толағай табыстармен бөлісті. Астаналық мейман ең алдымен өткен жылдың тарихындағы ерекше кезең – тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына, осы жылдар ішінде әсіресе денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктерге тоқталды._MG_0538
_MG_0552-Жиырма бес жылдың ішінде біз бүкіл әлем таныған абыройлы мемлекет болдық. Бұл Елбасымыз бен халқымыздың арқасында жеткен ұлы жетістігіміз. Ендігі  мақсатымыз осы жетістіктерімізді сақтап, одан әрі абыроймен жалғастыру. Осы жолда Президентіміз жаңа стратегиялық міндеттер жүктеп отыр. Оған сіздердің де қосатын үлестеріңіз өте зор. Себебі, сіздер еліміздің үлкен байлығы – халқымыздың денсаулығы, өмірін сақтау  жолында еңбек етіп келесіздер. Елбасымыз айтқандай,  ұлт денсаулығы біздің табысты болашағымыздың негізі. Сондықтан, ол кісі тәуелсіздік алған күннен бастап әлеуметтік салаға, соның ішінде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Нәтижесінде, біз қазір денсаулық саласы бойынша ешбір елден кем емеспіз, – деді мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин._MG_0520Спикердің сөзінше, бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінуде. Мәселен, елімізде қолға алынған “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы сәтті аяқталып, бүгінде ол “Денсаулық” бағдарламасы арқылы жалғасын табуда. Қазіргі таңда республика көлемінде сапалы медициналық қызметтің бірыңғай стандарттау жүйесі енгізілді. Әлемдік тәжірибеге сай медициналық кластер құрылды. Осы орайда, астаналық қонақ әлемдік стандарттау жүйесімен жұмыс істеп жатқан Қостанай Қан орталығында болғандығын, орталықтың жұмысына көңілі толағында да айтып өтті. Сондай-ақ, кез-келген науқасты алғашқы күннен анықтап, аурудың алдын алуға жол ашатын ұлттық скрининг жүйесінің де біздің медицинамыздың үлкен жетістігі екендігін тілге тиек етті. Бүгінде еліміздің медицианасы туберкулез, онкология сияқты түрлі әлеуметтік ауруларды емдеу және оның алдын алуға бағытталған арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істеуде._MG_0574Жалпы, тәуелсіздік жылдарында мемлекет есебінен 1300-ден астам ауруханалар мен басқа да денсаулық сақтау мекемелері салынған екен. Сондықтан, мәжіліс төрағасы ешбір ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласында мұндай жетістіктердің жоқ екендігін де алға тартты. Медицналық қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейге жетуінің арқасында бүгінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 72 жастан асты. Спикердің айтуынша, қазіргі жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында өмір жасы 82 жасқа дейін ұзаратын болады._MG_0581-Бұл да бүгінгі әлем стандартына сәйкес көрсеткіштер деуге болады. Осының барлығы мемлекетіміздің маңызды бастамаларының жемісі екендігі сөзсіз. Әрине, бұл жетістермен тоқталуға болмайды. Сондықтан, Елбасы өзінің “Қазақстан-2050” стартегиясында және “100 нақты” қадам ұлт жоспарында деснаулық саласын дамытуға қатысты жаңа міндеттер қойды. Осы орайда, Президентіміздің тапсырмасымен елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл маңызды бастаманы заң жағынан қолдау үшін арнайы заң жобасы мақұлданған болатын. Бұл әрине, бірінші ғана қадам, біз әрқашанда мәжілісте денсаулық сақтау саласындағы құжаттарға, оның ішінде заң жобаларына үлкен назар аударамыз. Осы жолда біздің депутаттарымыздың аймақтарға сапары да үлкен роль атқарады. Өйткені, заң шығару кезінде сіздермен кездесіп, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізге назар аударамыз. Себебі, ертең жұмыстарымызды бастаған кезде қай заң жобаларын қабылдауымыз керек, қандай сұрақтарды көтеруіміз керек? Ол ең бірінші сіздер білетін, сіздермен осындай кездесулерден алатын ақпарат. Сондықтан, біздің мәңгілік ел жолында бірлесіп, табысты жұмыс атқаратынымызға сенім білдіремін. Жалпы, Қостанай облысы әрқашанда экономика, әлеумет, саясат жағынан болсын табысты жұмыстар атқарып келеді, – деді Нұрлан Зайроллаұлы.
Жиын соңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, балабақша, ауыз су, дәрігерлердің біліктілігін арттыру сияқты сауалдарға да спикер тұшымды жауап берді.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓