“Өнегелі ұстаз”

Міне, осындай атпен қосымша білім беру педагогтары арасында облыстық  сайыс болып өтті.
Ұйымдастырушылардың ай-туынша, сайыстың мақсаты қа-зіргі заманғы педагогикалық оқы-ту технологияларын қолдана отырып, жоғары нәтижелерге жеткен қосымша білім беру педагогтарын анықтау, оларға қолдау көрсету және оң тәжірибеле-рін насихаттау. Сайыс екі кезеңде өтті.  Сырттай іріктеу кезеңіне облысымыздың он екі өңірінен жиырма сегіз жұмыс түсті.  Қосымша білім беру педагогтарының осы жұмыстары негізінен қосымша білім берудің оқыту бағдарламаларын, білім беру үрдісін қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарды, біліктілікке бағытталған тапсырмаларды, оқу-көрнекілік, оқыту-әдістемелік құралдарды, оқыту және оқу қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірлемелерді қамтыды. Ақтық сайысқа  алты қосымша білім беру педагогы қатысты. Қатысушылар өздерінің білімдерін, шығармашылық әлеуеттерін, қабылеттерін, педагогикалық оқыту технологияларын, шешендік өнерлерін "Менің педагогикалық ұстанымым" және  "Менің білім беру оқу бағдарламам" сайысы бойынша  көрсете біліп, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Сайыс қорытындысында бірінші орын және "Өнегелі ұстаз" атағы Қостанай қаласындағы "Карнавал" хореографиялық мектебінің педагогы Н.Чумакқа бе-рілді. Екінші орынды Рудный қа-ласының оқушылар және жастар сарайының педагогы Т.Исаева жеңіп алды. Үшінші орынды жіті-қаралық А.Супатаева, қостанайлық А.Нұржанова бөлісті.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓