Әр оқушы – дарын иесі

Дегенмен, сол оқушыларды мектеп табылдырығын аттағаннан үнемі қадағалап, анықтап, дамыта түсу әр мұғалімнің міндеті деп ойлаймын.
Қостанай қаласындағы №9 орта мектебінде өзім жетекшілік еткен 4 " Ә " сынып оқушылары "Зерде" ғылыми-зерттеу орталығы және қалалық "Дарын" орталығы, ұйымдастырған және халықаралық сан-салалы байқаулардың жүлдегерлері. Сол жеңімпаз оқушыларды атап өтсем – Қоғандасова Әсел "Зерде" ғылыми-зерттеу жұмысы 3 орын, "ЭМУ" эрудиттен Жанабилев Батырхан 1 орын, Шаяхметова Наргиз 1, 2 орындар алса, халықаралық олимпиададан Мадияр 1 орын, Жамбулбеков Асанәлі, Қожамратова Назира 2 орын, Зайтов Мақсат, Мырзабек Арман 3 орын алды. Білім мен өнерді бірдей игерген Назираның би байқауында да, бағы жанып, үнемі 1, 2 орын жүлдегері болды. Бос уақытында кітап оқып, ағылшын үйірмесі мен қалалық би үйірмесіне барады. Жоғарыда аталған оқушыларым мектепішілік, республикалық, халықаралық сайыстарға үнемі қатысып отырады. Оқушыларым осындай дарындылығы, шығармашылығы арқасында облыс,қала оқушыларының қатысуымен, жылда ұйымдастырылатын бәйгелерден оза шауып, облыстық Ы.Алтынсарин атындағы "Дарынды балаларға арналған" мектепке сынақ тапсырып, өз білімдерін сол мектепте жалғастыруға мүмкіндік алып отыр. Осындай оқушыларым барын мақтан етемін, әрине бұл біздің ата-аналармен бірлесіп жасаған еңбегіміздің нәтижесі деп ойлаймын. Сондықтан әр ата-ана әрдайым мектепте берілген біліммен шектелмей, осы оқушылардың ата-аналары сияқты балаларын әрдайым қолдап, жан-жақты білім алуларына жағдай жасап отырса, мұғаліммен қоян-қолтық жұмыс жасаса, әр оқушы – бір-бір дарын иесі бола алатынына кәміл сенемін.
Э.ҚоЙшыбаева,
№ 9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Қостанай қаласы.