Тойдағы би баттлы желіні жарды

Қостанай қаласына қыз ұзату тойына қонаққа келіп, кәсіби бишілермен жарысқа түскен бойжеткеннің виедосы Тiktok-та 9 млн қаралым жинаған.
Әлеуметтік желіде танымал болған бейнежазба кейіпкері 23 жастағы Фариза Жақыпова болып шықты. Осы жылы маусым айының аяғында Қостанайда болған қыз ұзату тойына келіпті. Сол жерде бишілермен сайысқа түсіп, ерекше өнерімен көпшілікті аң-таң еткен. Ол TengriMIX-ке берген сұқбатында бала кезінен бимен айналысып келе жатқанын айтты.
 
 
«5 жасымнан биге қатысамын. 16 жасқа дейін халық билерін биледім. Кейін waacking, vogue, high heels түрлеріне көштім.Қазір кәсіби түрде айналысамын. Сабақ беремін әрі өзім де байқау-жарыстарға қатысып тұрамын. Ал мына тойдағы сайыста мені waacking-пен шұғылданатын қыз таңдады. Жеңіп шығуға тырыстым», – дейді Фариза.
Ол видеоның мұншалықты көп қаралым жинайтынын күтпеген. Басында телефонына дамылсыз түсіп жатқан хабарламаларды қарап үлгермегенін айтады. Бір жағынан, бұл материал TikTok-та жекесіне тіркелушілердің күрт көбеюіне де зор ықпал еткен.
«Небары 700 досым бар еді, саны 19 мың адамға жетті. Түрлі ұсыныстар түсіп жатыр, стрим бойынша агенттік шақырды. Бұл ұсынысты қабыл алдым. Тағы бір жас жігіт маған продюсер болғысы келеді. Әзірге келісу үстіндеміз», – дейді өнерлі қыз.
 
Ерболат Әлім

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓