Тоқтатылмайтын болды

    "Интергаз Орталық Азия" АҚ "Қостанай" МГҚБ және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ КФҚ хабарлауынша бүгін "Қарталы-Рудный"магистральдық газ құбырында жөндеу жұмыстары басталды.

    Осыған байланысты табиғи газдан "Қарталы-Рудный"магистральдық газ құбыры ажыратылды. Десек те, құбыр бойында қалған газ облыстың газдандырылған халқын қамтамасыз етуге жетеді. Алайда, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың табиғи отыннан ажыратылатынын айта кеткен жөн. Денисов ауданына қарасты Свердлов және Баталы ауылдарында да газ беру тоқтатылады.

    "Қарталы-Рудный" магистральдық газ құбырында жөндеу жұмыстарын жүргізу ағымдағы жылдың 3-15 тамыз аралығында жоспарланған, деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және ТКШ басқармасының баспасөз қызметі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓