Әскерде суицидті азайту үшін сарбаздарға білезік тағылмақ

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерді цифрландыруды дамытуды айта отырып, қызметкерлер арасындағы суицидті азайту шараларын ұсынды, деп хабарлайды Экспресс К.Дархан Ахмедиевтың айтуынша, Қорғаныс министрі Қарулы күштердегі суицидті азайту міндетін қойған. Осылайша бұл жұмысқа психологтар, азаматтық қоғам өкілдері мен отандық IT-компаниялар тартылған.
Әскери бөлімдерді бейнекамералармен жабдықтаймыз. Ал бір кәсіпорын әскери қызметшілердің тамыр соғысын бақылай алатын білезіктерін ұсынды. Осылайша арнайы орталықта отырған маман әскерилердің жалпы денсаулығын, кімнің, қайда екенін біліп отырады, — деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, егер адамның қолындағы білезік сөніп қалса, сол сигналға командирлер жедел барып, не болып жатқанын тексере алады.
Биылғы 5 айда Қазақстанда 4318 суицид тіркелсе, оның төртеуі Қарулы күштерге тиесілі. Өз-өзіне қол жұмсауға 4942 адам әрекеттенді, оның жетеуі әскерде болған. Яғни бұл 0,1 пайыз. Бұл көрсеткіштер аз екен деп, жалпы мәселені жасырып қалғымыз келмейді, — деді Дархан Ахмедиев.

Оның айтуынша, әр жағдайға жекелей қарау керек. Мәселен әскерге 9 миллион теңге несиесі бар адамдар да келеді. Яғни кейбіреуінің әлеуметтік жағдайы дұрыс шешілмеген, бұл өз кезегінде әскердегі қызметіне әсер етеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓