Шенеунікке қатысты іс жалғасуда
Жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінген Арқалық қаласы әкімі Ғ.Бекмұхамедовтың ісі қылмыстық құрамнан алынды. Ал, оның бұрын-ғы бастығының ісі әлі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Болат Челикенов құзырлы органда өткен брифингте мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы мен оның бұрын-ғы орынбасары, қазіргі Арқалық қаласы әкімінің үстінен "18 млн. теңгені қолды қылды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл қаражат негізінен Рудный қаласына газ тарту үшін бөлінген. Қос шенеуніктің ісі сотта екі рет қаралып, лауазымды тұлғаларға бірнеше бап бойынша айып тағылған еді.
Болат Челикеновтің мәлімдеуінше, қазіргі Арқалық қаласы әкімінің қылмысқа қатысы болмағандықтан, оған қатысты іс қысқартылған. Ал Ә.Тәйкешов тергеуге алынды. Оған қазір жемқорлыққа қатысты емес, өз ісіне салғырт қарады деген айып тағылып, келісім-шарт жасасқан серіктестікпен арадағы құжаттары жиналуда. Мемлекеттік қызметкерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ