Зейнеткер 6 жылға қамалды

Облыстық сот «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша Жітіқара қаласы тұрғынының ісін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. сот«65 жастағы Меңдібай Сандығұлов 9 тамызда өз үйінде сағат 01:00 шамасында мас күйінде жұбайына қолымен жəне аяғымен бірнеше соққы жұмсаған. Салдарынан жəбірленушінің оң жəне сол жақ қабырғалары сынған» – делінген облыстық соттың хабарламасында.
Күйеуінен таяқ жеген әйел оқиға орнында қаза тапты. Медициналық тексерулер 65 жастағы зейнеткердің ішкі органдары зақымдану салдарынан мерт болғандығын анықталды. Кейін белгілі болғандай, М.Сандығұлов əйелін үнемі ұрып-соғып келген.
Сот отырысы кезінде айыпталушы прокурормен процессуалдық келісім жасаған. Ол өз кінəсін толықтай мойындады. Жітіқара аудандық соты Сандығұловты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓