Бойдақтар неге көп десек…
Елімізде зергерлік бұйымдар мен сағаттардың құны бір айда 1,8%, бір жылда 35,3% қымбаттады. Әсіресе, неке сақинасы бір жылда 38,9%, қол сағаттары 15,2% қымбаттады.
Қаңтар-мамыр аралығында елімізде 478,4 млн теңгенің зергерлік бұйымдары саудаланған. Былтыр дәл осы аралықта зергерлік бұйымдар өндірісі 451,3 млн теңгені құраған еді.
Сауданың басым бөлігі Алматыда жасалады: елдегі алтын саудасының 43,3%-ы немесе 207,3 миллион теңгесі оңтүсік астанаға тиесілі. Бұл жөнінде Energyprom.kz ақпараттық-сараптамалық порталы хабар таратуда.
Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (117,8 млн теңге) және Қарағанды облысы (98,7 млн теңге) кірді. Қостанай облысы Energyprom.kz порталы түзген тізімнің оныншы сатысында: жыл басынан бері Тобыл-Торғай жерінде алтын саудасы 119,3 % өскен.
Жалпы 2021 жылы сектордағы өнім 1,6 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Өңірлік тұрғыда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өсті – бір жылда 61%. Алғашқы үштікке Алматы облысы (жылына плюс 60,6%) және Нұр-Сұлтан (плюс жылына 52,5%) кірді.