Лисаков қаласының тәртіп сақшылары жақында жастарға ашық есік күнін өткізді.

Бұл күні полицейлер жергілікті оқушылар мен студенттерді өз қызметтерінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Тәртіп сақшылары жиналғандарға күрестің жауынгерлік әдістері мен жаттығулар кешенін, қару-жарақты көрсетті. Кинологтардың қызметтік иттермен жұмыс әдістері жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. Полиция майоры Ю.Рогожан лисаковтық полицияның тарихы туралы айтып берді.