Алғандар көп
Елімізде короновирусқа қарсы вакцина алғандар қатары көбейіп келеді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне жүгінер болсақ, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 – ші компонентін 9 541 643 адам, 2 – ші компонентін 9 323 786 адам салдырды.
2022 жылғы 20 шілдедегі көрсеткіштерге сүйенсек, «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 230 420 адам, ІІ-ші дозасын 1 174 217 адам салдырды.
Оның ішінде: І-ші компонентін 868 998 жасөспірім, 41 277 жүкті әйел, 145 075 бала емізетін әйел салдырды.. ІІ-ші компонентін 848 403 жасөспірім, 38 888 жүкті әйел, 140 026 бала емізетін әйел салдырды.