Кәсіпке қолдау керек

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі бизнес өкілдері арасында кеңінен талқылануда. Мемлекет басшысы адал кәсіпкерлікті қорғау керектігіне ерекше назар аударды. Бизнеске қарсы бағытталған заңсыздыққа тосқауыл қою керектігін ерекше атап өтті.

     Қостанай облысында кәсіптің ерекше қорғауда екенін атап өткен жөн. Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы 42 әкімшілік кедергіні анықтап, бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша нормативтік-құқықтық актілерге 36-дан астам ұсыныс енгізді. Жаңа тәсілдер, соның ішінде барлық мемлекеттік органдармен жасалған ынтымақтастық меморандумдары арқылы іске асырылуда. Бұл бағытта прокуратура органдарымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша құрылған мобильді топтар тиімді жұмыс істеуде. Олар кәсіп иелерінің 66 өтініші бойынша жұмыс атқарды.

      Қазіргі уақытта Кәсіпкерлер палатасында жаңа тұжырымдама іске асырылуда. Мысалы, бизнес өкілдерінен түскен шағымдар бекітілген мерзімде қаралып келсе, жаңа талап бойынша жылдам қарастырылатын болды. Нәтижесінде, өтініштер саны бірнеше есеге артты.

     Осы шаралардың барлығы бақылау және қадағалау тетіктерін ретке келтіруге, заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды төмендетуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы да "Жаңа Қазақстандағы" инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Данияр Күзенбаев,

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓