Облыс әкімдігі алдыңғы орында
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөнінен Қостанай облысының әкімдігі жоғары тиімді деңгейге жетті. Барлық санат бойынша 98,7 балл жинаған Қостанай облысы республикалық рейтингте екінші орынға ие болды.

Биылғы маусымнан бастап мемлекеттік қызметтер тізіміне жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, енді жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтер 2 есеге көбейді. Қазір қызметтердің 290 атауы бар.
Облыстың мемлекеттік қызмет саласындағы тағы бір жетістігі – "халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі" көрсеткіші. Қанағаттану деңгейі өңірде 89,6% деп бағаланып отыр, бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада бірінші орын алды.

