Астана күні құтты болсын!

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтаймын!
Осыдан ширек ғасыр бұрын Еуразияның жүрегінде титаникалық еңбектің, батыл бастамалар мен шығармашылық идеялардың айқын көрінісіне айналған бірегей қала пайда болды.
Біздің елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» құрметті атағының иегері бола отырып, еліміздің әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени орталығы ғана емес, сондай-ақ дипломатия, бітімгершілік және халықаралық байланыстарды кеңейту мәселелерін шешу үшін жаһандық диалог алаңы болып табылады.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны одан әрі дамытуға ерекше назар аударып, оның жетілуі мен өсуіне барлық жағдай жасады. Бүгінде Нұр-Сұлтан – бірлік пен тәуелсіздіктің басты символы болып табылатын еліміздің барлық өңірлері үшін бағдар.
Құрметті жерлестер!
Осы мереке күні сіздерге, сіздердің барлық туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, еңбекте табыс және барлық игі істеріңізге сәттілік тілеймін!
Архимед МҰХАМБЕОВ,
Қостанай облысының әкімі 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓