9 шілдеде Құрбан айт мейрамы басталады

Күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан Айт мерекесі биыл 9 шілдеде басталады. Құрбан шалу рәсімі офлайн  түрде болады. 
Құрбан айт намазы облыс бойынша барлық мешіттерде 2022 жылдың 9 шілдесі сағат 7:30 оқылады.
Ал  Құрбан шалу рәсімі Федоров тасжолында орналасқан «Амиго» кешенінде  орындалатын болады.
Құрбандыққа рұқсат етілген малдар: 1). Түйе – 5 жас, 2). Сиыр (Ірі қара) – 2 жас, 3). Ешкі, қой – 1 жас, алты айға толған семіз қозы болса құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі.
  1. Бір қой бағасы – 80 000 тенге шамасында.
  2. Ірі қара (сиыр) – 420 000 тенге шамасында – 7 адам бірігіп шалуға болады.
Құрбан еті шариғат бойынша үшке бөлінеді. Яғни бір бөлігі өз отбасына қалдырады, бір бөлігін туған-туыстары мен көршілеріне, тағы бір бөлігін жоқ жітік пен міскіндерге таратылады. Жылдағы үрдіс бойынша мешіт ұжымы көп балалы мұқтаж отбасыларға тарататын болғандықтан мешітке әкеліп берсе болады.
Быйыл да Qurban2022.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс берген кісілердің малдары құрбандыққа шалынатын болады. Құрбандыққа қатысатын қасапшы, имам және видеоға түсіруші оператор болады.
Онлайн тапсырыс беру: Qurban2022.kz сайтында жасалады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓