Мереке құтты болсын!

Құрметті Қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Астана күнімен құттықтаймын!
 
Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Елордамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұрғаны айдан анық. Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Елорда дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді. Біз оның даңқты тарихымен, дәстүрлерімен, заманауи жетістіктерімен мақтанамыз.
Нұр-Сұлтан – жаңа, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесі, көпұлтты елдің достығы мен бірлігінің кепілі, мемлекеттің жаңаруы мен тәуелсіздігінің символы. Елорда барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналды, ол мемлекеттің гүлденген және жайлы болашаққа ұмтылысын білдіреді. 23 жыл ішінде біздің астанамыз қайталанбас келбеті мен сәулеттік стилі бар заманауи, ықшам, қарқынды дамып келе жатқан қалаға айналды.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға атсалысқандарыңызға алғысымызды білдіремін. Осы мереке күні барша тұрғындарға бейбітшілік пен жақсылық, бақыт пен амандық тілеймін. Елордамыз күн сайын гүлденіп, көркейіп, әлем астаналары арасында лайықты орын алсын. Қазақстанның болашағы, ел үшін барлық ауқымды жоспарларды одан әрі жүзеге асыруға шын жүректен тілектеспін.
Сайлаубек ЕЩАНОВ,
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓