Қар суына қарсы күрес

Ауа температурасының күрт көтерілуі салдарынан қар еріп, қаланың әртүрлі бөліктерінде сулар жиналуда. Көшелерде көлшіктер пайда болуда.
Осыған байланысты коммуналдық қызмет әуелгі кезекте жалпы тұтыныстағы төңіректерден, көшелердің жүргіншілерге арналған бөлігіндегі сулардан арылту нысанаға алынған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.DSC_0337
Қала әкімі Б.Жақыпов тиісті қызметтің  бригадалары жетекшілеріне және кезекшілерге нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Дружба, Киевский елді мекендері мен Солтүстік-батыс, Қостанай-2 ықшам аудандарының, облыс орталығындағы Маяковский, Колесный ряд және өзге де шағын аудандардың көктемгі қар суынан жапа шекпеуін қадағалауда ұстауды міндеттеді.
Бұған қоса, аз қабатты үйлері көп мөлтек аудандарда тұратын жұрт, бәрінен бұрын, көмек күтіп жатпай, өздеріне сеніп, қажетті құрал-саймандарын сайлап отыруы ләзім. Өйткені коммуналдық қызмет күші дер шағында үйді-үйдің қамын күйттеуге жетпеуі әбден мүмкін. Дегенмен, барлық мүмкіндіктер қолға алынуда. Атап айтқанда, мердігерлік ұйымдар да жұмылдырылмақшы. Олар суағарлар мен құбырлардың (Оңтүстік канал, «Әбіл-Сай», «Қостанай-Сай», «Таун-Сай», әртүрлі диаметрдегі құбыр желілері т.б.) қалпын бақылауда ұстамақ.
Қазіргі уақытта қала ішін ерінді судан арылту үшін 12 арнайы техника және 15 көмекші машина, сонымен қатар 50 жол жұмысшылары жұмылдырылды.  Аталмыш күш күндіз-түні жұмыс істеуде.
Тағы бір айта кетерлігі, 20 наурыздан бастап жауған толассыз қарды тысқа шығаруға ТКШ бөлімі желісі бойынша мердігерлік ұйымдар 110 бірлік техниканы жұмысқа салды. Дәл қазіргі уақытқа дейін 40 мың текше метр қар қала сыртына шығарып тасталды. Жұмыстар жалғасуда.
 
 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    почему в валеньках

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓