Экс-полицей сотталды

Қостанай қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 307-бабы 4-бөлігінде (қызметтік лауазымын асыра пайдалану) қарастырылған (16.07.1997 жылғы редакцияда) қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылған 41 жастағы Мүсілим Қожабаевқа қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.суд приговор
Тергеу материалдары бойынша, Қостанай облыстық ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасының ерекше істер жөніндегі бөлімінің аға жедел уәкілі қызметін атқарған, полиция майоры шеніндегі М.Қожабаев 2008-2012 жылдар аралығында Қостанай қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне «қамқорлық» жасаған.
Сотталушы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі емес. Алайда қылмыстық топты басқарып, бүгінде бас бостандықтарынан айырылған Алевтина Петренко, Надежда Киселева мен Резида Асылбаевалардың әрекеттерін, сонымен қатар топ құрамын, оның басшылық бағанасын, заңсыз есірткі саудасын жүргізу әдістерін егжей-тегжейлі білген. Бұрынғы полиция қызметкері қызметтік лауазымын асыра пайдаланған, нақты ұйымдасқан топ мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартпау түрінде «қамқорлық» танытқан.
Қылмыстық топқа көрсеткен «қамқорлығы» үшін М.Қожабаев ай сайын топ басшыларынан ақшалай сыйақы алып отырған.
Сот үкімімен М.Қожабаевқа жалпы тәртіптегі колонияда 4 жыл бас бостандығынан айыру, жеке мүлкін тәркілеп, 4 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 49-бабы 1-бөлігі негізінде сотталушы полиция подполковнигі арнайы шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓