Жол сапасы – басты назарда
Жол – экономиканың күретамыры. Мамандардың айтуынша, сапалы жол орта есеппен 10-15 жылға жарауы тиіс.
Ал кей өңірлерде жолдарға 4-5 жыл сайын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Сондықтан облыста 2019 жылдың маусым айынынан бері «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» мекемесінің облыстық филиалы ашылды.

– Біздің мекеме жолдың заманауи технологиялар арқылы салынуына мұрындық болғанымен, нақты сапасына тапсырыс беруші тікелей жауапты. Жол саласында жаңа әдістемелер мен технологияларды тиімді енгізу, кепілдік мерзімдерін ұлғайту, жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру басты міндетімізге кіреді. Жолды күрделі және орташа жөндеуден өткізу, автомобиль жолдарын күтіп ұстау кезінде құрылыс-монтаж жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізіземіз. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау сапасын жақсарту үшін нормативтік-техникалық базаны жетілдірудеміз. Облыста тексеру жұмыстары белсенді жүргізілуде, — дейді филиал директоры Абылайхан Алшынбаев.
Жол активтері ұлттық сапа орталығы қызметкерлері осы жылдың 10 айында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 680 тексеру жүргізді. Олар ереже бұзудың 830 фактісін анықтады. Оның ішінде 162-сі өрескел ақауға жатады. Айта кетейік, жолдың сапасы мына тізбек бойынша реттеледі: Мердігер – Тапсырыс беруші – Техбақылау – Авторлық бақылау – Жол сапасы.
– Тексеру нәтижесінде мердігерлер 63 мың шаршы метр жол негізін қалпына келтірді. Жол-құрылыс материалдарының барлығы 1700 сынамасы алынды және сыналды, оның ішінде 519 сынаманың талаптарына жауап бермейді. Бұл жұмыстар жалғаса береді, — дейді филиал директоры