Шығыны өтелді
Қостанай қ. Сот шешіміне сай, коммуналдық шаруашылық қала тұрғынына зақымданған көлік үшін 160 мың теңге төлеуі тиіс. «Тазалық 2012» ЖШС қаланы қураған ағаштардан арылтпағаны үшін айыпты деп танылған. Естеріңізге сала кетсек, түбінен шіріген ағаштардың бірі көктемнің қатты желінде көлік үстіне құлаған болатын. Абырой болғанда көлік иесіне ешбір қауіп төнген жоқ. Тек, темір тұлпарға зақым келген еді.