Сарыкөлдегі семинар 

Бүгін "Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы" ММ тапсырысы бойынша "Жастар ортасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға, жас отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу" аясында  семинар-тренинг өтті.
Бұл шараны  облысқа белгілі "Жанашыр бол" қоғамдық қоры ұйымдастырды. Сарыкөл аудандық жастар ресурстік орталығында өткен шара барысында  "Қаржылық сауаттылық және отбасылық бюджетті құру"  тақырыбы қамтылды.
Семинар барысында сөз алғандар отбасылық өмір тек жағымды сәттерден ғана емес, сонымен қатар мезгіл-мезгілімен  туындайтын қиындықтардан тұратындығына тоқталды. Әсіресе, жақында ғана жұп құрған жас жұбайлардың ақшаны тиімді басқаруы қиын болғанда, кейде жалақы бірнеше күнге кешігетін болса қаржылық сауаттылықтың көп пайдасы титендігін айтты. Бұдан бөлек, жас отбасыларға шығындарды ұтымды жоспарлау, оларды есепке алу және сатып алуларды бақылау мүмкіндігі,  ақшаның қайда кететінін, отбасылық бюджетті қалай басқару керектігін және бұл не үшін қажет екені жайында ақпарат берілді. Сонымен қатар, шара барысында осы төңіректе түрлі ойындар ойнатылды.
Жалпы, семианр-тренингті бизнес-жаттықтырушы, медиатор Марат Бикенов өткізді.  Ал, төрайымы Сабина  Распекова екенін айта кеткен жөн. 
Сарыкөлдік жас отбасылар семинардан қажетті ақпарат алып, өз ризашылықтарын білдірді. 
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓