БАЗАР БАҒАСЫНАН ТӨМЕН

Қостанайда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған 14 аудан мен Қостанай, Рудный қалаларының 150-ге тарта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Жәрмеңкеде барлығы 110 тонна азық-түлік сатылды. 61593498_358551308396367_2960578690083192832_nТұтынушыларға ұсынылған тамақ өнімдерінің құны базар, дүкен бағаларынан 15-20%-ке арзан. Мәселен, сиыр етінің келісі 1200-1400 теңге, жылқы еті 1500-1600, қой еті 1300-1400, құс еті 700-900 теңгеден сатылымға шығарылды. Жұмыртқа 150 теңгеден басталады. Қанттың бағасы 227 теңге. Картоптың келісі 60-80 теңгеден.
"Біз Науырзым ауданынан 1800 тонна сиыр, жылқы етін әкелгенбіз. Таңертеңгі 10-ға дейін еттің 60%-ін саттық. Баға қарапайым халық үшін қолжетімді болғандықтан, жұрт тез алып кетті, – дейді Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Қабидолла Орманов.
Азық-түлік өнімдерінің түрімен танысу және баға саясатын білу мақсатында жәрмеңкені аралап шыққан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлерден келген кәсіпкерлерден тауар өтімділігі туралы сұрап білді.61537748_358551315063033_1275222983283048448_n
"Өнімдеріміз жақсы өтіп жатыр. Баға тиімділігі бірден байқалады. Таңертеңнен бері тауарларымызды түгелге жуық сатып үлгердік", – дейді сатушы Сайранкүл Ерниязова. 
Бұл жолғы жәрмеңкеде 22 тонна ет өнімдері, 7 тонна бакалея, 6 тонна макарон өнімдері, 144 000 дана жұмыртқа, 10 тонна қант, 3 тонна сұйық май, 12 тонна картоп, 10 тонна көкөніс және жеміс сатылды.61535716_358551305063034_7491357295704539136_n
"Бүгін 207-ші жәрмеңкені өткізіп отырмыз. Онда жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған 2500 млн тонна азық-түлікті сатылымға шығардық. Ең бастысы, бұл жерде орташа баға гипермаркет, дүкендерге қарағанда 15-20% арзан. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер тұрақты өтіп тұратын болады, – дейді облыс әкімі А.Мұхамбетов.
 
Айбек Ибраев,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓