Ұлттық құрылтай құрылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды", – делінген хабарламада.
Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері белгілі болды.
"Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:– қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;– жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;– өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру", – делінген хабарламада.
Президент Жарлығының толық нұсқасы "Ақорда" сайтында жарияланған.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысын жариялағаны хабарланған болатын.