Қостанай ауданындағы кездесу
Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан тұрғындары сумен қамтамасыз ету, жер телімдері, рұқсат етілмеген қоқыс орындары, білім беру нысандарын жөндеу, интернет байланыс, сондай-ақ жолдарды жөндеу және т.б. мәселелерді көтерді, барлық сұрақтарға жауаптар мен орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Қоғамның әл-ауқатының маңызды факторы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың жайлылығын қамтамасыз ету. Аудан аумағында бұл бойынша біраз жұмыс жасалды. Қостанай Ауданыныңда өткен жылы Тобыл қаласында "Астана" және "Бәйтерек" сынды жаңа шағын аудандардың құрылысы басталды.

Агроөнеркәсіптік кешен Қостанай ауданының экономикасын дамытудың негізгі драйвері. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 343,5 мың га жерге егін екті. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан ауданға 4,1 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.






Сондай-ақ, облыс әкімі "My Eco House" ЖШС фирмасының тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Жалпы, 14 үйдің құрылысы жоспарланған. Биыл 6 үй салынды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 8 үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

