«Жас тұлпар – 2019» мәресіне жетті
Ұзынкөл ауданында қазақтың көрнекті ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай дәстүрлі облыстық «Жас тұлпар» айтысы өтті. Сонау 1992 жылдан бері үзілмей келе жатқан жыр сайысы талай түбіт қанаттың өнерге қадаын ашты. Оқушылар айтысы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Оған облыстық білім басқармасы, мәдениет басқармасы және аймақтық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы мұрындық болып отыр.
Айтыстың мақсаты – қазақтың ғасырдан ғасырға үзілмей келе жатқан ұлттық сөз саптау өнерін дамыту, сол арқылы жас талантты ақындарды анықтау, айтыс жанрын қазіргі заманғы мәдени-білім беру жүйесіне жаңғырту және енгізу, жастарды ақын-жазушылардың, қазақ халқының мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасымен таныстыру.
]
Сөз додасының облыстық кезеңіне аудан-қалалардан суырылып шыққан жас өрендер іріктеліп келіп отыр. Биылғы 27-ші рет ұйымдастырылған жыр додасында 20 ақын сөз қағыстырды. Бұған дейін сөз додасына түсіп үйреніп қалғандар мен алғаш рет сахнаға шығып, жарқ етіп көзге түскендер де баршылық.
Сөз додасының облыстық кезеңіне аудан-қалалардан суырылып шыққан жас өрендер іріктеліп келіп отыр. Биылғы 27-ші рет ұйымдастырылған жыр додасында 20 ақын сөз қағыстырды. Бұған дейін сөз додасына түсіп үйреніп қалғандар мен алғаш рет сахнаға шығып, жарқ етіп көзге түскендер де баршылық.
Сонымен, бір күн бойы Обаған жұртшылығын баба өнерге сусатқан айтыс мәресіне жетті. Үшінші орынға тағайындалған 3 жүлдені Құндыз Адырбаева (Сарыкөл ауданы), тарандық Еркебұлан Әсет, Қостанай ауданынан Доспол Мысыр бөлісті. Екінші орынның сыйлығы ұзынкөлдік Ақжүніс Жүрсін мен Таран ауданының ақыны Бекзат Рәтбектің қанжығасын майлады.
Көрерменге әуелден жарқ етіп көрінген Меңдіқара ауданының тастүлегі Ғанимат Нағашыбай бірінші орын иегері атанды.
Ал айтыстың бас жүлдесін жанкелдиндік Бекзат Бауыржанұлы иеленді.
Биылғы сөз додасына Аманкелді, Қамысты, Қарасу, Денисов аудандары мен Лисаков қаласынан ақындар қатысқан жоқ.