Аймақ басшысы Алтынсарин ауданына барды
Облыс әкімі жұмыс сапарын осы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен орталық стадионды аралаудан бастады. Құрылыс барысында әкімшілік-тұрмыстық ғимаратқа қайта жаңарту жүргізілген. Атап айтқанда, футбол алаңының жасанды жабыны дренаждық жүйемен төселді, жүгіру жолы және резеңке жабындысы бар ойын алаңдары орнатылды, стадионға жаңа қоршауы қойылды, тротуар тастөсемдері ауыстырылған, жарықтандыру бағаналары, 748 орындық трибуналар орнатылды. Жылыту жүйесі жаңарып, нысан аумағы абаттандырылыпты. Күрделі жөндеу жұмыстарына 533 млн 829 мың теңге бөлінгенін айта кету керек.
Сондай-ақ, аймақ басшысы биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеуден өткен Большая Чураков орта мектебіне барды. Ғимарат 1969 жылы салынған, соңғы рет жөндеу жұмыстары 2006 жылы жүргізіліпті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының келісім-шарттық сомасы 221 млн 584 мың теңгені құрады.
Облыс әкімі Силантьев пен Обаған ауылдары арасындағы жаяу жүргіншілер өткелін аралап көрді, бұл мәселе жыл басында тұрғындар алдындағы есептік кездесуде көтерілген болатын. Мінекей, бұл мәселе толық шешімін тауып отыр. Жұмыстар толық аяқталып, көшеге жарықтандыру құрылғылары орнатылған. Аталған құрылыс-монтаж жұмыстарына 88 млн теңге бөлініпті.
А.Мұхамбетов сапар соңында Докучаево ауылының сумен жабдықтау желілерін қарап шықты. «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 665,8 млн теңгеге су құбыры жүргізілген. Алтынсарин ауданы бойынша осы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жалпы сметалық құны 3,5 млрд теңге болатын 4 жоба іске асырылды, нәтижесінде аудан бойынша алғаш рет орталықтандырылған суға 5 ауыл (Докучаевка, Шоқай, Красный Кардон, Сатай, Новоалексеев) немесе 3,3 мың адамның қолы жетті. Пайыздық үлеспен есептегенде, ауыл халқын сумен қамтамасыз ету 55,4%-дан 79,7%-ға дейін, ауылдар бойынша 44%-дан 64%-ға дейін ұлғайды.
Сондай-ақ Докучаево ауылында бөгет жөндеу жұмыстары тексерді. Бұған "Жұмыспен қамту жол картас" бағдарламасы аясында 68,8 млн теңге жұмсалғані. Бұл бөгет ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына арналған, сондай-ақ Свердлов және Шоқай ауылдарының ойпатындағы су тасқыны қаупінен қорғайды.
Аймақ басшысы сапар соңында аудан әкімі Е.А. Жамановқа өңір азаматтарының әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.