Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 272 өкілді байқаушы

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әбдіжапар Бекматов Қазақстанда референдум қалай өтіп жатқанын айтып берді.
«Біз бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Онда сайлаушылар үшін, байқаушылар үшін барлық жағдай жасалғанын көрдік. Әсіресе мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалғанын атап өткім келеді. Барлық сайлау учаскелерінде пандустар, арнайы кабиналар орнатылған. Бір сөзбен айтқанда, референдумның әрбір қатысушысы үшін қолайлы жағдай қамтылған. Таңертең учаскенің ашылуында болдық және бірнеше сайлау орнына бардық, референдумға қатысушылар өте белсенді. Учаскелердің бірінде тіркелген 2 мыңнан астам қатысушы болса, қазірдің өзінде 100-ден астам адам дауыс берді», – деді Ә. Бекматов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің пікірінше, бүгін Қазақстан халқы өз болашағын айқындайды. Қазақстандықтар жауапкершілікті сезініп, референдумға өте белсенді қатысып жатыр. Сонымен бірге Қырғызстаннан келген 15 халықаралық байқаушы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Жамбыл және Алматы облыстарында жүргені атап өтілді. Жалпы Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 272 өкілді байқаушы ретінде аккредиттеген.
 Айта кетейік, бүгін елімізде республикалық референдум өтіп жатыр. Референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауысын береді.
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 млн 722 мың 536 адамды құрайды. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктеріміздің жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды. Оларда шетелде жүрген Қазақстанның шамамен 11 350 азаматы дауыс бере алады.
Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓