Референдум басталды

Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес бүгін елімізде республикалық референдум басталып кетті.
Қостанай облысында саяси науқанға әзірлік толық дайын. Барлық аймақтардағыдай, біздің өңіріміздің де барлық учаскелері таңғы сағат 7.00-ден жұмысқа кірісіп кетті.
«Аймағымызда 735 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Олар 1 облыстық, 4 қалалық және 16 аудандық референдум комиссияларына қарайды. Барлық аталған комиссияларға 4,5 мың адам жұмылдырылған. Біздің мәліметімізше, облысымызда 550 мыңнан астам сайлаушылар бар», – деді Қостанай облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Әсия Дуанбаева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓