Іскер ханымдардың ұсынысы
Қостанайда әлеуметтік жобаларды қолдауға ынталы кәсіпкер әйелдер көп. Бірақ, олардың біразы билік тарапынан қолдауды қажет етеді. Іскер қыз-келіншектер қаланы өркендетуге, нәзік жандардың қоғамда әлеуетін көтеруді көздейді. Өңірдің іскер әйелдері Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевпен кездесуде осы мәселені көтерді.
Алдымен қала әкімі Қостанай қаласындағы саясаткер әйелдер клубының жұмысымен Гульвира Құдайқұлова таныстырды.
-Тұжырымдамада белгіленген басты міндеттердің бірі – әйелдерді саяси ілгерілету. Осы мақсатта өткен жылдан бастап біз орта арнаулы оқу орындарының базасында көшбасшы қыздар клубын аша бастадық. Бұл жобаның мақсаты белсенді азаматтық ұстанымы бар, тек оқу орнына қатысты емес, сонымен қатар бүкіл облыстағы оқиғаларға қатысты мәселелерге бей-жай қарамайтын белсенді өрімдерді алға тарту. Бұл жоба біздің жастарымыздың отбасылық құндылықтарға да, көшбасшылыққа да, белсенді өмірлік ұстанымға да ынталануына бағытталған. Бұл мектеп толықтай бермейді. Отбасы да бұл сәттерді жиі жіберіп алады. Біздің облыстың көшбасшы әйелдер клубының мүшелері қыздарға өздерін танытуға көмектеседі, кеңес береді. Біз белсенді қыздардың әлеуетін дамытуға көмектескіміз келеді, болашақта олар табысты және тәуелсіз болуы үшін олардың бастамаларына ықпал еткіміз келеді. Ол үшін олар тек отбасына ғана емес, қоғамға да қажет екенін сезінуі керек. Тікелей клубта бұл жұмысты мен қалалық Көшбасшы әйелдер клубының төрайымымен іскер ханым Қырмызы Жанбыршинамен бірігіп атқарудамыз. Көшбасшы қыздар клубы тұңғыш рет Қостанай қызмет көрсету колледжінің базасында 2021 жылдың маусым айында құрылды. Бұл оқу орнында белсенді жұмыс жүріп жатыр. Белсенді қыздар қауымдастығының бастамасымен мұнда «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен бизнес-ойыны өткізілді. Ойнай отырып, жастар ақша табуды және оны ұтымды жұмсауды үйренді, – Гульвира Құдайқұлова.
Мұндай көшбасшы қыздар клубы өңірдің әр мектебінде ашылуда.
Көшбасшы әйелдер клубы жұмысының тағы бір бағыты гендерлік орталықтарды қалптастыру. Өйткені, пандемия кезінде көптеген отбасыларында қарым-қатынас нашарлады. Демек, тұрмыстық зорлық-зомбылық артқан. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін қалалық клуб жанынан гендерлік орталық құрылды. Мұнда қазір әртүрлі проблемалары бар әйелдер жүгініп, заңгерлік кеңес, психологиялық көмек алуда.
Қазір қаладағы саясаткер-әйелдер клубының өз кеңсесі жоқ. Қала әкімінен осы мәселені шешіп беруді сұрады. Сондай-ақ, қаланы көгалдандыруға және әлеуметтік түрлі жобаларға мемлекеттік органмен бірге атқарып, қала билігінен көмек сұрады. Марат Қонысбайұлы іскер ханымдардың бірқатар жобаларын қолдайтынын айтты.