БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
1 маусым – балаларды қорғау күніне орай "Олжа Агро" компаниясы өңірімізге танымал жазушы Александра Суслованың жаңа туындыларын қалың оқырманға таныстырды. Жиында сөз алған "Қазақстан Жазушылар Одағы" Қостанай облыстық филиалының директоры, «Қостанай таңы» газетінің директор-бас редакторы Жанұзақ Аязбеков Балалар жылында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.




–«Балалар күнін мерекелеу қарсаңында менің қос бірдей кітабымның тұсаукесері өтіп отыр. Кітаптарымды шығаруға демеушілік жасаған «Олжа-агро» компаниясына алғысым шексіз,» – деді А. Суслова.
Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.