Референдум: кураторлық сағат өткізілді

Бүгін, 31 мамырда Рудный индустриалдық институтында Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында кураторлық сағаттар өткізілді.
Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құру мәселелеріне арналған кезекті кураторлық сағатқа институттың 1 және 2 курс студенттері қатысты.
Институт студенттерінің алдында Рудный қоғамдық штабының мүшелері: «Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау одағы» ҚБ басшысы Березуцкая Ольга мен РИИ инженерлік және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдар кандидатыТәжібаев Радик Хамитұлы баяндама жасады.
Спикерлер өз сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына 56 толықтыруды енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.  Бұл өзгерістер суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселелерін қамтиды.
РИИ инженерлік және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Әбуталиева Айнұр Әбдіманапқызы білім алушылардың назарын Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалардың төрт пакеті мен еліміздің дамуындағы жаңа институционалдық кезеңге аударды.
Кездесудің соңына қарай институт студенттері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын талқыға салды. Ал іс – шара модераторы, Рудный индустриалдық институтының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Божко Лариса Леонидовна білім алушыларды азаматтық борышын өтеп, республикалық референдумға қатысып, белсенділік танытуға үндеу жасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓