Қызыққа толы саяхат
Өздеріңізге мәлім, жақында Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Мақалада біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы екені айтылады. Расымен де, қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Соның дәлелі ретінде Қашар орта мектебінің «Бүркіт» және «Арлан» топтары Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайына саяхат өткізді.
Оқушыларды жасөспірімдер ісі бойынша полициясының аға лейтенанты Е.Борамбаев бастап алып барды.
Оқушылар мұражай ішіндегі экспонаттарды көріп, мағлұматтар алды. Әсіресе, тәртіп сақшыларының күнделікті қызмет тұрмысында қолданатын бұйымдары, көлік түрлері қызықтырды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табады деп үміттенеміз.
Е.Борамбаев, полиция аға лейтенанты,
Қашар кенті