Бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді

Оқыс жағдай Арқалық қаласында 7 қаңтарда болған еді. Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірхан бесінші қабаттың балконынан құлап кеткен қызды құтқарып қалған болатын. Осы ерлігі үшін ол пәтерге ие болды.Қалалық жедел басқару орталығына таңғы сағат 5:30-да қоңырау түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барып, қызды құтқару үшін шұғыл әрекетке кіріседі. Алмат балконнан құлап кеткен қызды жерде тұрып қағып алған.
– Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алматы Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды, – деп атап өтті Арқалық қаласының әкімі.
Әзірге аға лейтенант ем қабылдауда. Құтқару кезінде ол аяғынан жарақат алған болатын. Ол бұған дейін пәтерде туыстарымен бірге тұрып келген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓