Бірлескен бастама
26 мамырда сағат 15.00-де «Бизнеспен Feedback» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Кәсіпкерлер Палатасы), Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшылығымен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік және бизнес субъектілерінің өкілдерін қабылдау жоспарлануда.
«Бизнеспен Feedback» жобасы Департамент және Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен бизнес қоғамдастыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайларды қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және кәсіпкерлікпен әріптестік өзара қарым-қатынас орнату, мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, өзекті мәселелер пулын қалыптастыру мақсатында қызмет беруші органдармен, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерімен және өзге де мүдделі құрылымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
Іс-шараны өткізу форматы – ағымдағы айдың әр соңғы бейсенбісінде сағат 15.00-де Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы базасында (Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 116) бизнес субъектілері өкілдерін жеке қабылдау.