Бір айға жуық газ болмайды

Облыста көгілдір отын беру 1-25 тамыз аралығында тоқтатылмақ. Бұл мерзімде «Қарталы-Рудный» магистральды газ құбырын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«ҚазТрансГаз» АҚ Қостанай филиалының мәліметінше, ұзындығы 155,8 шақырымдық газ құбыры 57 жылдан кейін уақытша жабылады.
«Қостанай облысындағы тұтынушыларын ақаусыз және үзіліссіз газбен қамту мақсатында «Интергаз Орталық Азия» АҚ 1 тамызда жөндеу және құрылыс жұмыстарын бастайды. Соған байланысты барлық деңгейдегі тұтынушыларға көгілдір отын беру 25 күнге тоқтайды. Мұның тек Жітіқара, Қарабалық және Қамысты аудандарына қатысы болмайды», – дейді филиал мамандары.
Құбырішілік дефектоскопия талдамалары жүргізіліп, қорытындысында коррозиялық-қауіпті ақаулардың шамадан тыс көбейгені анықталған. Бұл апат қатерін арттырады. Елді мекендер, өндірістік және әлеуметтік нысандар жылыту маусымы кезінде төтенше жағдайларға тап болмауы үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу шешімі қабылданған. Енді облыс тұрғындарының бір айға жуық уақыт электр плиталарын тұтына тұруына тура келеді.
Айта кетейік, «Қарталы-Рудный» магистральді газ құбыры 1965 жылы салынған. Бұл Қазақстанда алғашқы болып пайдалануға берілген желілердің бірі саналады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓