Қазақ тіліндегі сыныптар көбейеді

Қостанай физика-математика лицейінде мемлекеттік тілде оқытатын екі сынып ашылады. Бұл туралы осы оқу орнындағылар хабарлады.
Қазақ тіліндегі екі 1-сынып Қостанай Білім бөлімі жол картасын жүзеге асыру аясында 2022-2023 оқу жылында пайда болмақ.
Ата-аналар конкурстық іріктеуге қатысуға өтінішті 2022 жылғы 11-27 мамыр аралығында Whatsapp-қа 8-777-16-89-428 телефон нөмірі бойынша бере алады.
Конкурстық іріктеу осы жылғы 1-15 маусым аралығында әңгімелесу түрінде өтеді.
Бұл сыннан сәтті өткен балалардың ата-аналары электрондық үкімет веб-порталы арқылы мектепке қабылдауға egov.kz немесе "SAKURA: электрондық мектеп" электрондық порталы арқылы өтініш береді.
Қосымша сұрақтар бойынша физика-математика лицейіне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 26-25-77, 8-705-452-17-60. Қостанай қаласының білім бөліміне 54-71-30, 8-707-544-95-14 нөмірлері бойынша да қоңырау шалуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓