Көлік өртеніп кетті

Оқиға Рудный-Қостанай тас жолында болған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт туралы ақпарат 19 мамырда сағат 14:19-да келіп түскен. 
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Азық-түлік тиеген "Фольксвагеннің" (минивен) салоны мен шанағы лапылдап жанған. Көлік жүргізушісі сол маңда болды, жапа шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 2 техника және жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 14:54-те ауыздықталды", – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға ввтокөліктегі ақау себеп болуы мүмкін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓